12 қараша 2018 09:16

"Кореялық зомби" "UFC тарихындағы ең сұмдық нокаутқа түсіп қалды"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денверде 11 қарашаға қараған түні өткен UFC Fight Night 139 турнирінің басты жекпе-жегі сұмдық нокаутпен аяқталды, - деп хабарлайды "Чемпионат". 


Денверде 11 қарашаға қараған түні өткен UFC Fight Night 139 турнирінің басты жекпе-жегі сұмдық нокаутпен аяқталды, - деп хабарлайды "Чемпионат". 

Бұл кездесуде мексикалық Яир Родригес пен Оңтүстік Корея өкілі "Кореялық зомби" - Чан Сон Джон октагонға шыққан. 

Жекпе-жектің басым бөлігінде кореялық мықтырақ көрінген, алайда қорытынды раундтың соңғы секундтарда ол қорғанысты ұмытып, шабуылға ден қойды. Осы кезде Родригес қарсыласының жағынан шынтағымен мығым соққы жасайды. 

Дәл гонг соғылғанда Чан қалың ұйқыға кетеді. Кейін кездесу кештің үздік жекпе-жегі атағын алады. Чан Сон Джон нокаут алдында қарсыласынан ұпай айырмасымен жеңіп тұрған.

UFC президент Дэйна Уайт мексикалықтың жеңісін ұйым ашылғалы бергі 25 жылдағы ең жарқын жеңіс деп атады. "Ұйым тарихындағы ең сұмдық нокаут. Кездесу соңына бір секунд қалған еді, осы кезде ол жақтан соққы жасады. Яир 4-1 есебімен жеңіліп тұрған. Алайда Чан соңғы секундқа шыдай алмады. Вау, міне нағыз мәре!", - деп келтіреді Уайттың сөзін FoxSports. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети