25 мамыр 2014 18:47

"Көшпенділер шайқасына" қатысушы жекпе-жек алдында қашып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Агоней Ромеро және Павел Витрук. Фото: mixfight.ru Агоней Ромеро және Павел Витрук. Фото: mixfight.ru

Кеше Астанада ережесіз жекпе-жектен "Көшпенділер шайқасы" деп аталатын М-1 Challenge 48 турнирі өтті. Бірақ, кеш барысында жанкүйерлер асыға күткен ресейлік Павел Витрук пен испандық Агоней Ромеро арасындағы жекпе-жекті көре алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап. 


Кеше Астанада ережесіз жекпе-жектен "Көшпенділер шайқасы" деп аталатын М-1 Challenge 48 турнирі өтті. Бірақ, кеш барысында жанкүйерлер асыға күткен ресейлік Павел Витрук пен испандық Агоней Ромеро арасындағы жекпе-жекті көре алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап. 

Порталдың хабарлауынша, Ромеро жекпе-жек алдында жоғалып кеткен. Дегенмен, испандық спортшы жекпе-жекке келісімшарт жасап, Қазақстанға ұшып келген. Тіпті ол салмақ өлшеу рәсімі мен барлық бейнетүсірілімге қатысқан. Бірақ, спортшылар жекпе-жектер өтетін ғимаратқа баруға 10 минут қалғанда ол жоғалып кеткен. 

Бұл іске байланысты шақыртылған полиция қызметкерлері де қашқынды таба алмаған. Ромеро түнгі үште, өзі әуежайға барып Испанияға ұшып кетейін деп тұрған жерінен табылған. 

"Өзінің мұндай әрекеті үшін ол ешқандай түсініктеме бермеді. Ол қазір ауыр психологиялық қалыпқа түскен. Испания командасының бас бапкері мұндай жағдай спортшыда бірінші рет кездесіп отырғандығын айтады" - делінген хабарламада. 

Еске салайық, турнир барысында рингке шыққан қазақстандық Рашид Дагаев M-1 турниріндегі алғашқы жеңісіне жетті. Ол испандық Жерардо Нуньеспен кездесіп, қарсыласын тұншықтыру әдісімен ұтты. Өкінішке қарай, тағы бір қазақстандық Серік Тілекеевтің бұл турнирдегі алғашқы жекпе-жегі сәтсіз болды. Әзірбайжандық Анвар Әмірліден алған ауыр нокаутынан соң Тілекеевті емханаға жеткізуге тура келді. 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети