21 қазан 2014 12:11

ҚР гимнастика федерациясы бапкерлерге бақылауды күшейтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Қазақстан гимнастика федерациясы бапкерлерге кәсіби этиканы естен шығармауды ескертті, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне федерация өкілдері айтты. 


Қазақстан гимнастика федерациясы бапкерлерге кәсіби этиканы естен шығармауды ескертті, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне федерация өкілдері айтты. 

Алматыда гимнастика жаттықтырушысының баланы ұрып-соққаны туралы іс қазір прокуратурада жатыр. Қараша айына қарай тиісті шешім шығарылатын болады. Қазақстан гимнастика федерациясы бапкерлерге қатысты бақылауды күшейтті. "Мұндай жайттар болмауы үшін біз барлық аймақтық федерацияға және аға жаттықтырушыларға хат жолдадық. Әрқайсысы өз мектептерінде әңгімелесу жүргізді. Бізде бапкерлік кеңес бар, бұл мәселені Шымкентте тағы бір көтеретін боламыз", - деп хабарлады федерация өкілдері.

Мамандар қазір елде бапкерлік құрам тапшылығы байқалып отырғанын айтты. "Жаттықтырушылардың көбі зейнеткерлік жасына таяды. Олар - өз ісінің нағыз фанаттары. Орта жастағы бапкерлер өте аз. Жастар келе бермейді", - дейді федерация өкілдері. 

Еске салайық, Интернетте көркем гимнастикадан кішкентай қыздар тобының жаттығуы түсірілген видео пайда болған еді. Кадрден бапкер әйелдің кішкентай қызға қатты зекіп жатқаны және оны басынан, мойны мен арқа тұсынан бірнеше рет ұрғаны көрініп тұр. Видеоның сипаттамасында оқиға Алматыдағы Жарылғапов атындағы спорт кешенінде болды деп жазылған.

Видео авторының айтуынша, бапкер "осындай әдіспен чемпиондарды тәрбиелеймін, ата-аналар біледі" деп отыр. Айта кету керек, осы оқиғадан бірнеше күннен кейін жаттықтырушыдан таяқ жеген қыз бала қала біріншілігінде жүлделі орын алды. 

Жарылғапов атындағы спорт кешенінің басшылары бұл жаттығуларға қатысымыз жоқ, біз спорт залын жалға бергенбіз деп мәлімдеді. Ал Алматы қалалық ІІД бейнежазбаны тексеріп, тиісті шара қолданатынын хабарлады. Ал видеоға түсірілген қыз бала бапкердің туысқаны болып шықты.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети