Криштиану Роналду Головкиннің Instagram желісіндегі парақшасына жазылды

29 Қыркүйек 2015, 21:34
0
© ntv.ru
© ntv.ru

Португалия құрамасы мен мадридтік "Реал" клубының форварды Криштиану Роналду қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің Instagram желісіндегі парақшасына жазылды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Әлеуметтік желіде Роналду басқа да боксшылардың парақшасына жазылған. Осыған дейін ол Флойд Мейвезер, Майк Тайсон, Сауль "Канело" Альварес, Шейн Мосли, Заба Джуда сияқты спортшылардың парақшасына, сонымен қатар Golden Boy промоутерлік компаниясы мен боксқа арналған HBO аккаунтына тіркелді.

Роналду жалпы 184 аккаунтты қарайды, олардың ішінде спортшылардың, шоу-бизнес өкілдерінің және брендтердің профильдері бар. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.


Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай