Криштиану Роналду Конор МакГрегормен рингте кездесті

25 Шілде 2016, 12:31
0
Криштиану Роналду Конор МакГрегормен рингте кездесті -  © Instagram Криштиану Роналду
© Instagram Криштиану Роналду

Мадридтік "Реал" мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жартылай жеңіл салмақта UFC чемпионы Конор МакГрегормен кездесті. Бұл туралы футболшы өзінің Instagram парақшасында жазды. 

Vesti.kz басылымының мәліметінше, спортшылар МакГрегор мен Нэйт Диас реванш өткізеді деп жоспарланған жерде Лас-Вегаста кездесті. Спортшылар бірге жаттығу жасап, МакГрегор Роналдуға келесі жылы Forbes рейтингінде алғашқылардың тізімінде болуына тілектес екенін айтты.

Cонымен қатар, екі спортшының бір-бірінің ер мінездеріне риза болғаны айтылады. "Роналду бүгін залда жаттығып жүр. Рақмет, Роналду. Саған зор құрмет. Келесі жылы сен Forbes рейтингінде бірінші тізімде боласың", - деді МакГрегор Instagram парақшасында. Ал Криштиану Роналду өзінің Instagram парақшасына "Сенімен кездескеніме қуаныштымын", - деп жазды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай