1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Спорт

Қуат Хамитов Fight Nights Global чемпиондық белбеуіне таласады

Сурет: спортшының instagram желісінен Сурет: спортшының instagram желісінен

Қазақстандық файтер Қуат "Найман" Хамитов пен әзірбайжандық Нариман Аббасов арасындағы қарымта кездесу қыркүйекте Әзірбайжан астанасы Баку қаласында өтеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жеңіл салмақта бос болған Fight Nights Global ресейлік промоушенінің чемпиондық белбеуі үшін алғашқы кездесу 27 сәуір Мәскеу маңындағы Мытищи қаласында өткен. Бұл жекпе-жекте Хамитов төрешілер шешімімен жеңілді. Осыдан кейін апелляция берді. Қуат иық жарақатының жазылмағанына байланысты жеңілгенін мәлімдеді, алайда, қарсыласы бұған күлген еді.

Хамитов үшін бұл жекпе-жек 17 ай үзілістен кейін алғашқысы болды. Аббасовқа дейін ол 2017 жылы қарашада жұдырықтасқан.

Sherdog статистикасы бойынша, 31 жастағы Хамитовте 19 жеңіс, жеті жеңіліс және бір тең түскен жекпе-жек бар. Соңғысы FNG белбеуін жеңіп алудың екінші мүмкіндігі болатын - 2017 жылы сәуірде қазақстандық ресейлік Магомедсайгид Алибековтен (10-1) төрешілер шешімімен жеңілген.