10 ақпан 2017 18:09

Қуат "Найман" Хамитов UFC-дегі бірінші жекпе-жегін қашан өткізетінін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vesti.kz © vesti.kz

Қуат "Найман" Хамитов UFC ұйымындағы бірінші жекпе-жегін не қарашада, не желтоқсанда өткізеді. Бұл туралы спортшы Vesti.kz сайтына берген сұхбатында айтып берді. 


Қуат "Найман" Хамитов UFC ұйымындағы бірінші жекпе-жегін не қарашада, не желтоқсанда өткізеді. Бұл туралы спортшы Vesti.kz сайтына берген сұхбатында айтып берді. 

"Биыл менің WBK және Fight Nights Global аясында екі чемпиондық атаққа таласатын жекпе-жекпе-жектерім бар. Егер бұл екі кездесуде де жеңіске жетіп, рейтингімді сақтап қалатын болсам, онда мен  2017 жылдың соңында сөзсіз UFC-ге ауысамын. Айтпақшы, бұл ұйымның өкілдері Қытайға келіп, менің жекпе-жегімді көреді. Қараша немесе желтоқсан айлары бұл ұйымда бірінші жекпе-жегімді өткізуге жақсы уақыт. Өйткені, мен Канадада жаттығуымды өткіземін. Бірақ мен дәл қазіргі уақытта тек келесі жекпе-жегім туралы ойлап жүрмін. Мен әлі де болса өзімді керемет дайынмын дей алмаймын. Алайда әлі уақыт бар. Шынымды айтсам, мен UFC-ге асығып жатқаным жоқ", - деді "Найман".

Сонымен қатар, ол қытайлық WBK промоушенінде чемпиондық белбеу үшін өтетін жекпе-жегі жайлы айтып берді. "Жекпе-жек 5 немесе 6 наурыз күні Қытайдың Шанхай қаласында өтеді. Қазір сол жекпе-жекке дайындалып жатырмын. Аптасына алты рет жаттығамын. Пхукетте өткізіп жатқан жиында әлемнің он шақты чемпионы жиналған. Сондықтан әр жаттығуымыз жоспарланған және тиянақты өтеді. Қарсыласымның кім болатынын жуық арада анықтаймын. Жалпы маған Қытай жерінде қарсылас табу қиын. Келіссөз ұзақ жүреді. 

Fight Nights Global промоутерлік ұйымының аясында бір жекпе-жек өткізіп үлгерген ол ресейлік жанкүйерлердің ерекше ықылас білдіргенін айтып өтті. "Мен желтоқсанның ортасында Мәскеуде өткен кеште Гаджи Рабаданов деген спортшымен төбелесті. Үшінші раунда жеңіске жеткенім туралы хабардар шығарсыздар деген ойдамын. Жалпы мені Ресей жанкүйерлері жақсы қабылдады. Мен осы уақытқа дейін он шақты ұйымда 15 мемлекетте жекпе-жек өткіздім. Мені жалпы барлық жерде жылы қабылдап жүр", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети