06 маусым 2014 10:46

Құрлық біріншілігінде "классиктеріміз" қола жүлдеге қарық қылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото fila-official.com сайтынан Фото fila-official.com сайтынан

Кеше Ұлан-Баторда күрес түрлерінен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты басталды. Моңғол кілеміне бірінші болып грек-рим күресі шеберлері шығып, Қазақстан "классиктері" бірінші күнгі белдесулерде бір күміс, төрт қола жеңіп алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Кеше Ұлан-Баторда күрес түрлерінен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты басталды. Моңғол кілеміне бірінші болып грек-рим күресі шеберлері шығып, Қазақстан "классиктері" бірінші күнгі белдесулерде бір күміс, төрт қола жеңіп алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ұлан-Батордағы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына Қазақстан құрамасы толық құрамда аттанған. Араларында саф алтынға балап отырған таланттарымыз да жеткілікті. Қыздар арасындағы күресте де, еркін күресте де құрлық чемпионы атануылары тиіс жампоздарымыз баршылық. Әзірше олардың аты-жөндерін бөле-жара атамай-ақ қояйық. Тек жолдары болып, бақтары жансын деп тілеулерін тілейміз.

Ұлан-Батор төріне төселген боз кілемге бірінші болып грек-рим күресі өкілдері шықты. Күрестің осы түрінен алғашқы күні алты салмақ дәрежесінде құрлық біріншілігінің жүлделері сарапқа салынды.

Қазақстан балуандары бес салмақта жүлдеге ілігіп, тек біреуінде ғана үздік үштікке маңайлай алмады. Өкінішке қарай, бес жүлденің бірде-біреуі алтын емес. Жас қырандарымыз қола жүлдеге қарық қылды.

Атап айтқанда, Әлімхан Сыздықов (96 келі) күміс жүлдегер атанып, Дамир Зарлыханов (55 келі), Мейрамбек Айнағұлов (60 келі), Темірлан Шадукаев (74 келі) және Санжар Бағашар (84 келі) қола жүлдеге ие болды.

Әйтсе де, бұған да шүкір. Бұл жүлделер жас балуандарымыздың ерен жетістіктерінің басы болғай деп тілейміз. Енді "классиктеріміздің" техникалық нәтижелеріне көз жүгіртіңіздер:

96 келі:

1. Мохаммад Исмаил Эбраими (Иран)
2. Әлімхан Сыздықов (Қазақстан)
3. Геонг Ким (Оңтүстік Корея), Узур Жүсіпбеков (Қырғызстан)

Әлімхан Сыздықовтың белдесулері:

Улугбек Алиходжаев (Өзбекстан) – жеңіс
Абудурексити Алимужианг (Қытай) – жеңіс
Узур Жүсіпбеков (Қырғызстан) – жеңіс
Мохаммад Исмаил Эбраими (Иран) – ұтылып қалды

55 келі:

1. Пунтсаг Ерденебилег (Моңғолия)
2. Бехруз Ирван Малеки (Иран)
3. Дамир Зарлыханов (Қазақстан), Өсконбай Абдупатаев (Қырғызстан)

Дамир Зарлыхановтың белдесулері:

Пунтсаг Ерденебилег (Монголия) – ұтылып қалды
Қола жүлде үшін:
Еренбике Шалетанате (Қытай) – жеңіс
Мзонг Рисин (Солтүстік Корея) – жеңіс

60 келі:

1. Али Арсалан (Иран)
2. Равиндер Равиндер (Үндістан)
3. Мейрамбек Айнағұлов (Қазақстан), Нанян Жанг (Қытай)

Мейрамбек Айнағұловтың белдесулері:

Али Арсалан (Иран) – ұтылып қалды
Қола жүлде үшін:
Битусол Кьюм (Оңтүстік Корея) – жеңіс

74 келі:

1. Паям Буери Паяни (Иран)
2. Есен Асанов (Қырғызстан)
3. Темірлан Шадукаев (Қазақстан), Сарвар Исоков (Тәжікстан)

Темірлан Шадукаевтың белдесулері:

Дийорбек Шарипов (Өзбекстан) – жеңіс
Паям Буери Паяни (Иран) – ұтылып қалды
Қола жүлде үшін:
Наоки Ханаяма (Жапония) – жеңіс

84 келі:

1. Али Шарифи (Иран)
2. Сандип Сандип (Үндістан)
3. Санжар Бағашар (Қазақстан), Айшан Айшан (Қытай)

Санжар Бағашардың белдесулері:

Канчали Чинавет (Таиланд) – жеңіс
Сандип Сандип (Үндістан) – ұтылып қалды
Қола жүлде үшін:
Масахиро Ямагиши (Жапония) – жеңіс

66 келі:

1. Тахерисартанг Рамин (Иран)
2. Хусрав Облобердиев (Тәжікстан)
3. Амарсайхан Норовсурен (Моңғолия), Нұржанбек Әбдуғаниев (Қырғызстан)

Абылайхан Амзеевтің белдесуі:

Нұржанбек Әбдуғаниев (Қырғызстан) – ұтылып қалды

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети