23 мамыр 2018 14:43

Қыздар университетінің студенті жекпе-жектен Қазақстан чемпионы атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет ҚызПУ баспасөз қызметінен Сурет ҚызПУ баспасөз қызметінен

Әуесқойлар арасында аралас жекпе-жектен өткен ММА нұсқасы бойынша VI Қазақстан чемпионатында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің студенті Аян Тұрсын алтын медальға ие болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі оқу орнының баспасөз орталығына сілтеме жасап. 


Әуесқойлар арасында аралас жекпе-жектен өткен ММА нұсқасы бойынша VI Қазақстан чемпионатында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің студенті Аян Тұрсын алтын медальға ие болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі оқу орнының баспасөз орталығына сілтеме жасап. 

Республикалық ережесіз жекпе-жек Федерациясының ұйымдастыруымен өткен бәсекеге еліміздің барлық аймағынан 200-ге жуық спортшы қатысты. 52,2 келі салмақ дәрежесінде алаңға шыққан Аян Тұрсын жарыс жолында қарсыластарынан ұпай санымен басым түсті. Ал, финалда клубтасы Толқын Дәуренбекованы техникалық нокаутпен жеңіп, мерейі үстем болды. Жеңімпазды бокстан Қазақстанның сегіз дүркін және әлемнің екі дүркін чемпионы Назым Қызайбай марапаттады.

"Бүгінде дамып келе жатқан спорт түрлерінің бірі - жекпе-жек өнері жандана түсуде. Оның ресми ережелері бекітіліп, дара спорт түрі ретінде тіркелді. Осы тақілеттес турнирлер талантты жастарды анықтауға септеседі. "Дене шынықтыру және спорт" мамандығында білім алып жүрген Аян ережесіз жекпе-жекпен бірнеше жылдан бері айналысады. Ол бұған дейін көптеген жарыстарда қарсылас шақ келтірмеді. Алдағы уақытта да талай бәсекелесін шаң қаптыратынына сенімдімін. Өйткені, ол еңбекқор және төзімді. Бұл қасиеттер спортта толағай табыстарға қол жеткізуге мүмкіндік береді", - дейді Дене шынықтыру және спорт кафедрасының меңгерушісі Әлия Еселбаева.

Аян Тұрсын 1994 жылғы 23 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. Аталған спорт түрімен 10 жылдан бері айналысып келеді. Жас спортшының қоржынында қазір 25 алтын, 16 күміс, 15 қола медаль бар. Атап айтқанда, А. Тұрсын әуесқойлар арасында аралас жекпе-жектен өткен ММА версиясы бойынша Азия чемпионатының күміс медаль иегері, ушу-сандадан екі дүркін ел чемпионы, татамиден бес дүркін Қазақстан чемпионы. Сонымен қатар, ол таэквондодан, ушудан және жекпе-жектен спорт шебері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети