11 сәуір 2018 10:54

Левит, Ниязымбетов және Қоңқабаев жазғы Азия ойындарына қатыса алмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Василий Левит. © ҚБФ Василий Левит. © ҚБФ

Қазақстанның бокс федерациясы 2018 жылғы Азия ойындарына қатысуға берілетін өтініш үлгілерін алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚБФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанның бокс федерациясы 2018 жылғы Азия ойындарына қатысуға берілетін өтініш үлгілерін алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚБФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Индонезияға әр елден 51, 57 және 60 келі салмақтағы әйелдер барады, ал 75 келі "олимпиадалық" салмақты 57 келіге алмастырды. Бұл жарыста ерлер жеті салмақта жұдырықтасады, ал күрес 81, 91 және 91 келіден жоғары салмақта өтеді.

"Әйелдер арасында елдің басты чемпионатында тартыс үш салмақ бойынша өтеді, олар Джакартаға аттанатындар, мұндағы Назым Кызайбай мен Жайна Шекербекованың 51 келіге дейінгі салмақтағы көп жылғы текетіресін атап өту керек. Ал Азия ойындары бағдарламасындағы өзгерістер жүлделі орыннан көрінуге деген үмітімізді азайтты, Дариға Шәкімбаева, Әділбек Ниязымбетов, Василий Левит және болашағынан үміті зор ауыр салмақтағы Қамшыбек Қонқабаев биыл Азия ойындарына қатыса алмайды.

Біз жағдайды түсіндіруін сұрап, AIBA ұйымына хабарластық. Сәуірдің аяғына дейін неге мұндай салмақтар таңдағанын түсіндіреді деген үміттеміз", - дейді ҚБФ үйлестірушісі, мемлекеттік бокс бапкері Болат Әбдірахманов.

Еске салайық, жазғы Азия ойындары Индонезия астанасы Джакартада 18 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети