27 шілде 2018 09:32

МакГрегор Нурмагомедов отырған автобусқа шабуыл жасағаны үшін жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Instagram / thenotoriousmma © Instagram / thenotoriousmma

Аралас жекпе-жекте әлем чемпионы болған ирландиялық Конор МакГрегор UFC спортшылары отырған автобусқа шабуыл жасағанын өз кінәсі екенін мойындады. Сол үшін ол бес күн қоғамдық жұмыстарға тартылады, - деп хабарлайды РИА Новости ЕSPN басылымына сілтеме жасап.

МакГрегор тергеу барысында келісімге келіп, түрмеге тоғытылудан аман қалған. Ол жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді. Сонымен қатар, бұл іс оның америкалық визасында сотты болғаны жазылмайды.

Қоғамдық жұмыстардан бөлек, ирландиялық ашуын басқаруды үйрететін курсқа 1-3 күн баруы тиіс және автобусқа келтірілген залалдың орнын толтыруы тиіс. Алайда Макрегор оны осыған дейін өтеп қойған.

Айта кетейік, МакГрегор сәуірде Бруклинде UFC 223 турнирінің қатысушы мүшелері отырған автобусқа шабуылдады. Ирландиялық автобустың терезесін шағып, соның салдарынан бірнеше спортшы жараланды.МакГрегорды полиция ұстады, алайда 50 мың АҚШ доллары кепілақы бергеннен кейін бостандыққа шықты.

UFC басшысы Дана Уайт ресейлік файтер Хабиб Нурмагомедовтың келесі қарсыласы МакГрегор болатынын айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети