23 желтоқсан 2018 14:54

МакГрегор Нурмагомедовпен өткізген жекпе-жегінің гонорарынан айырылуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© tribuna.com © tribuna.com

Екі салмақ дәрежесі бойынша UFC экс-чемпионы ирландиялық Конор МакГрегор жеңіл салмақ дәрежесі бойынша чемпион Хабиб Нурмагомедовпен өткізген UFC 229 турниріндегі жекпе-жегі үшін берілетін гонорарынан толықтай айырылып қалуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

TMZ мәліметі бойынша, UFC файтері Майкл Кьеза МакГрегорды сәуірде автобусқа жасаған шабуылы кезінде алған жарақаты үшін сотқа берді. Кьезаның хабарлауынша, UFC онымен байланысқа шығып, сәуір айында Нурмагомедовпен жекпе-жекке шығатын Макс Холлоуэйді айырбастауды ұсынған. Алайда, МакГрегордың шабуылы кезінде Кьеза жарақат алып, турнирден шеттетілген.

Кьезаның арызында МакГрегордың қылмыстық әрекет арқылы ақша тапқаны, яғни сәуірдегі шабуылы UFC 229 турнирінде жарнама ретінде қолданылғаны айтылады. Осылайша, Кьеза ирландиялықты жекпе-жек үшін берілетін гонорардан және жарнама табыстарынан айырып, сәуірдегі шабуылы кезінде зардап шеккендерге таратып беруді жазған.

Нурмагомедов пен МакГрегордың жекпе-жегі 6 қазанда Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтті, ол UFC 229 турнирінің басты кездесу болды. Ресейлік спортшы ирландиялықты төртінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңді. Кездесуден кейін Нурмагомедов октагонан секіріп түсіп, жаппай төбелес шығарды. 

Қазіргі таңда екеуі де Невада штатының Атлетикалық комиссиясының (NSAC) шешімін күтіп отыр. Келесі отырыс қаңтарда өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети