05 наурыз 2014 21:46

Мақсұт Жұмаев Қазақстанда мұзға өрмелеу спортын дамытуды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мақсұт Жұмаев. ©Максут Жумаев Мақсұт Жұмаев. ©Максут Жумаев

Қазақстанда мұзға өрмелеу спортын 2014 жылдан бастап дамыту керек. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев айтты. Спортшы Сочи Олимпиадасы барысында Олимпиадалық паркте өткен мұзға өремелеу спортының байқауына қатысып қайтқан. Ол жақта спортшы елімізде бұл спорт түрін дамыту керектігіне көз жеткізіп қайтқан. Жұмаев келесі Оңтүстік Кореяда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына бұл спорттың еніп қалуы мүмкін дейді. Себебі, Олимпиада ойындарын қабылдап жатқан мемлекет өз тарапынан үш спортты қоса алады. Оның айтуынша, Корея Ресеймен қатар мұзға өрмелеу спортында көшбасшы орындарда келеді. Жұмаев алдымен мұзға өрмелеу спортының федерациясын немесе альпинизм федерациясының жанынан комитет ашу керек дейді. Қазақстанда талантты альпинистер өте көп екендігін қоса кетті. Ал, Алматыда жаттығу жасайтын табиғи орындар бар. Сонымен қатар мұзда өрмелеу үшін жасанды алаңдар салуға мүмкіндік жеткілікті. Жұмаевтың болжамы бойынша, егер осы спорттың түрін қазір қолға алсақ, онда қазақстандық спортшылар 2018 жылы Пхенчханда сәтті өнер көрсете алады. "Мен бұл спорттың керек екендігіне сенімдімін. Оның үстіне олимпиадалық спорттың бір түрі болатын болса, бізге уақыт жоғалтпау керек. Алматының 2022 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге зор мүмкіндігі бар. Оған дейін біз мұзға шығу спортында медальға таласатын елдердің қатарында болуымыз қажет. Бізге жаңа олимпиадалық спорттың түрінен медаль керек. Егер, осы спортты қазірден бастап қолға алмасақ, кейін бәрі кеш болып қалады", - дейді Жұмаев. Спортшы бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің (ҰОК) президенті Темірхан Досмұхаметовке айтқан. Әңгіме Сочидегі Олимпиада ойындары барысында болған. Одан бөлек Жұмаев үстіміздегі жылы Халықаралық альпинизм мен құзға шығу федерациясы (УИАА) Халықаралық Олимпиада комитетіне (ХОК) мұзға өрмелеуді спорттың қатарына ресми кіргізуі туралы құжаттарды өткізіп қойғандығын айта кетті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети