22 сәуір 2014 | 14:59

"Манчестер Юнайтед" бас бапкерсіз қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ағылшындық "Манчестер Юнайтед" клубының бас бапкері Дэвид Мойес отставкаға кетті. Бұл туралы команданың ресми сайты мәлімдеді.


Иконка комментария блок соц сети

Ағылшындық "Манчестер Юнайтед" клубының бас бапкері Дэвид Мойес отставкаға кетті. Бұл туралы команданың ресми сайты мәлімдеді.

Мойес "МЮ" тізгінін былтыр Алекс Фергюссон бапкерлік ғұмырын аяқтағаннан соң ұстаған. Ол кезде клуб жетекшілері жаңа бапкер алдағы алты жыл бойы "Олд Трафорд" қожайындарын жаттықтыратын болады деген еді. Бірақ, Мойестің бастамасымен "МЮ"-дің бағы да бабы де кері тартты. 

Нәтижесінде бұл команда ағылшын біріншілігінің 34 турынан кейін 7 сатыға орналасқан. Бұл дегеніміз "МЮ" келер маусымда қәртамыс құрлықтың басты додасы саналатын УЕФА Чемпиондар лигасында ойнай алмайды деген сөз. Клубтың тарихына үңілетін болсақ, мұндай жағдай соңғы рет 19 жыл бұрын болған екен. 

Ағылшындық БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, "МЮ" клубының қожайындары болып саналатын Глейзерлер отбасы Мойесті орнынан ақпан айында босатып қойған екен. Дегенмен оны ресми түрде мәлімдемеген. Егер, клуб жетекшілері сол кезде бапкерді отставкаға жіберген болса, онда оған қыруар ақшаға шығындалар еді. 

Бірақ Мойес пен клуб жетекшілері арасындағы келісімшарта "МЮ" Чемпиондар лигасына жолдама ала алмаса, бір жылдық жалақы ретінде айыппұлын төлеп, отставкаға жіберуге болады деген бөлімдер бар. Сол үшін де клуб жетекшілері "тазы болып шалып" Мойесті отставкаға кетіруді осы уақытқа дейін күтіп келген.

БАҚ мәліметтері бойынша, команданы уақытша жаттықтыру Райан Гиггзге тапсырылыпты. Ал, алдағы уақытта Манчестер Юнайтедті жатттықтыруы мүмкін деген бапкерлердің қатарында Юрген Клоп, Луи ван Галь, Карло Анчелотти бар.   

 

 

 

 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети