05 тамыз 2018 15:33

"Матч ТВ" арнасында Денис Тен туралы арнайы шығарылым қашан көрсетіледі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

2014 жылы Сочиде өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Теннің рухына арналған "Тает лед" атты арнайы бағдарламаның қашан көрсетілетіні белгілі болды. Алексей Ягудин бастамашы болған бағдарламаны 8 тамызда 17:55-те "Матч ТВ" арнасының эфирінен көруге болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі телеарна баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Денис Тен 16 жасында Лондонда өткен Олимпиада ойындарына қатысқан ең жас спортшы болды. "Тает лед" арнайы шығарылымда Денис Тенмен жақын дос болған Алексей Ягудин спортшының достарынан, бапкерлерінен және танымал мәнерлеп сырғанаушылардан сұхбат алған: актер Санжар Мәди, режиссер әрі сценарист Игорь Цай, мәнерлеп сырғанаушылар Максим Маринин, Татьяна Тотьмянина, Максим Тараньков, Татьяна Волосожар, Илья Авербух, бірінші бапкері Елена Водорезова және Тенмен 6 жыл бойы жұмыс істеген әйгілі Татьяна Тарасовадан. 

Арнайы бағдарламаның түсірілімдері Мәскеуде, Сочиде және Алматыда өткен. 

Еске салайық, кеше, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан ол ауруханада көз жұмды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети