Мен Хопкинсті төрешілерде ешқандай сұрақ туындамайтындай етіп жеңемін – Шүменов.

05 Сәуір 2014, 12:36
0
Мен Хопкинсті төрешілерде ешқандай сұрақ туындамайтындай етіп жеңемін – Шүменов. - Бейбіт Шүменов. Фото  flickr.com
Бейбіт Шүменов. Фото flickr.com

Бокстан WBA аталымы бойынша суперчемпион, жартылай ауыр салмақтағы қазақстандық Бейбіт Шүменов IBF аталымының чемпионы Бернард Хопкинсті жеңуді алдын мақсат етіп қойып отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мен Бернард туралы білгенімді талқыға салғалы тұрған жоқпын. Біз бұл жекпе-жек алдындағы соңғы жаттығуларды жүргізіп жатырмыз. Және мен ешқандайда да құпияны жариялауға құлықты да емеспін. Сол себепті мен Хопкинсті төрешілерде ешқандай сұрақ туындамайтындай етіп жеңемін", - деді Шүменов.

30 жастағы Бейбіт Шүменов пен 49 жастағы Бернард Хопкинстің жекпе-жегі Вашингтонда сәуірдің 20-ы күні Астана уақытымен таңғы 09.30-да өтеді. "Чемпионат.com" порталының хабарлауынша, бұл жекпе-жек 2014 жылы сәуір айында өткелі отырған барлық жекпе-жек ішіндегі ең тартымдысы болғалы тұр. Шүменов бұған дейін Хопкинспен арадағы жекпе-жектің өз карьерасындағы ең ауыры, әрі күрделісі болғалы тұрғанын айтқан. Және ол Хопкинс өткізген ойындардың барлығын зерделеп, алдағы жекпе-жекке тыңғылықты дайындық жасап жатқанын айтса, ал Хопкинс Шүменовқа «Аңыз адам болуды» көрсеткісі келетінін білдірген.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай