16 қараша 2018 11:35

Мейвезер ММА файтерімен жұдырықтасатынын мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Бес салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы Флойд Мейвезер ММА файтері Тенсин Нацукавамен ақыры жұдырықтасатын болды, - деп хабарлайды Vesti.kz "Чемпионат" басылымына сілтеме жасап.


Бес салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы Флойд Мейвезер ММА файтері Тенсин Нацукавамен ақыры жұдырықтасатын болды, - деп хабарлайды Vesti.kz "Чемпионат" басылымына сілтеме жасап.

Алайда жекпе-жек ресми емес, тек тамашалау үшін болады.

"Үлкен баспасөз мәслихатын ұйымдастырамыз. Ресми жекпе-жек емес - тамашалау үшін ғана. Бірақ бұл тарихтағы ең табысты жекпе-жек болады. Адамдар мені ақша үшін ғана жұдырықтасады дейді, бірақ, қараңыздаршы: Билл Гейтс, Опра Уинфри, Уоррен Баффетт - олар өз ісімен қатар, басқа да дүниелермен айналысады.

Регламентіне қатысты бұл үш раундтық жекпе-жек болады. Кішігірім бокс жекпе-жегі, аяқпен ешқандай соққы болмайды. Тоғыз минутқа созылады және бұл тамаша үшін ұйымдастырылған тарихтағы ең қымбат жұдырықтасу болады. Менің промоутерлік компаниям және RIZIN промоушенімен ұйымдастырылады", - дейді Мейвезер.

Бастапқыда Мейвезердің жапониялықпен аралас жекпе-жек ережесі бойынша жұдырықтасатыны айтылған еді, алайда кейін бұл мәлімет жоққа шығарылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети