18 қазан 2018 09:32

Мейвезер Нурмагомедовпен жекпе-жек өткізу үшін өз талаптары мен гонорарын атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© mmaboxing.ru © mmaboxing.ru

Бес салмақ дәрежесі бойынша бокстан әлемнің экс-чемпионы кіші Флойд Мейвезер UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедовпен жекпе-жек өткізу үшін өз талаптарын қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.


Бес салмақ дәрежесі бойынша бокстан әлемнің экс-чемпионы кіші Флойд Мейвезер UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедовпен жекпе-жек өткізу үшін өз талаптарын қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Бұған дейін Нурмагомедов америкалықты жекпе-жекке шақырған еді. Мейвезер оның ұсынысын қабылдады.

Мейвезердің айтуынша, Нурмагомедовпен жекпе-жек өткізуде ешқандай мүмкін емес нәрсе жоқ, бірақ ол бокстың ережелері бойынша өтуі тиіс. "Ол мені жекпе-жекке шақырды, сондықтан ол менің аумағына келуі керек, - деп мәлімдеді Мейвезер TMZ.com басылымына берген сұхбатында. - Ол Конорды нокдаунға түсірдім деді, ал ол менің қолымнан келген жоқ. Олай болса, Хабиб, менің қалдығым саған қалған екен. Мен - Флойд Мейвезермін, мен - бастымын. Сен мені жекпе-жекке шақырдың, демек сен менің аумағыма келесің. Тағы бір айтайын: осынша аудитория жинайтын және осынша ақша табатын мен сияқты өзге бір боксшыны мен білмеймін... Әрине, Хабибпен жекпе-жек үшін тоғыз еселенген гонорар аламын. МакГрегормен өткізген жекпе-жектен де көп, кепілдендірілген гонорардан жүз миллионға артық шығар бәлкім. Шамамен 110-200 миллион долларға жоғары деп ойлаймын".

Мейвезер жекпе-жек Лас-Вегаста (Невада штаты) өтуі тиіс деп есептейді, алайда Нурмагомедовке жекпе-жек кезінде және одан кейін өзін лайықты ұстай алатынын дәлелдеуіне тура келеді. 

Айта кетейік, бұл екі спортшы да ирландиялық Конор МакГрегорды жеңген. Мейвезер бокс ережесімен Лас-Вегаста 2017 жылы тамызда өткен жекпе-жекте техникалық нокаутпен жеңді. Түрлі бағамдарға сәйкес, америкалық боксшы ол жекпе-жегі үшін шамамен 300 миллион доллар алған.

Нурмагомедов чемпиондық титулын қорғап, МакГрегорды тұншықтыру әдісімен жеңді. Осыдан кейін ресейлік файтер октагоннан секіріп түсіп, жаппай төбелес шығарды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети