04 наурыз 2014 10:25

Милевскийдің "Ақтөбе" клубындағы жалақысы 50 мың доллар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Артем Милевский. Сурет: РИА Новости Артем Милевский. Сурет: РИА Новости

Украиналық шабуылшы Артем Милевский мен "Ақтөбе" футбол командасы арасында жасалған келісім-шарттың қаржылық мәліметтері белгілі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz спорт порталына сілтеме жасап. Футболдан ел біріншілігінің бес дүркін чемпионы "Ақтөбе" бұл футболшыны клуб қатарына 28-ші ақпан күні қосқан еді. Міне, енді команда мен футболшы арасындағы жасалған шартнаманың қаржылық тұстары да анықталып жатыр. Football.ua сайтының хабарлауынша, Милевскийдің "Ақтөбе" сапындағы айлық жалақысы 50 мың долларға тең келеді. Бұл дегеніміз, шабуылшы Қазақстанда доп тепкен бір жылдың көлемінде 600 мың доллар табады деген сөз. Ал, бейресми мәлімметтер бойынша, Артем "Динамо" сапында ойнаған кездері жылына 2 миллион долларға дейін табыс тапқан екен. Айта кетейік, "Ақтөбе" клубына келерден бұрын Милевский түріктің "Газиантепспор" клубында ойнаған. Бірақ, бұл команданың сапында небәрі 6 ойынға қатысқан шабуылшы Түркия жерінде тәртіпсіздігімен ғана көзге түскен. Ол команданың спорттық тәртібін сақтамай, Ferrari көлігімен жол жүру ережесін бұзып, жол-көлік апатына ұшыраған. Ал, 2013-ші жылдың 31-ші желтоқсанында "Газиантепспор" клубымен келісім-шартын мерзімінен бұрын үзіп, клубтан 100 мың евро көлемінде өтемақы алған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети