02 наурыз 2018 16:09

Мирзаев екіжүзді адам - Естанов

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ержан Естанов пен Расул Мирзаев. © Vesti.kz Ержан Естанов пен Расул Мирзаев. © Vesti.kz

Ережесіз жекпе-жек бойынша ел намысын қорғап жүрген (ММА) Ержан Естанов Vesti.kz порталына берген сұхбатында 1 сәуір күні Алматы қаласында Fight Night Global 86 турнирінде ресейлік Расул Мирзаевқа қарсы өтетін кездесуге қалай дайындалып жатқанын айтты, - деп хабарлайды 


Ережесіз жекпе-жек бойынша ел намысын қорғап жүрген (ММА) Ержан Естанов Vesti.kz порталына берген сұхбатында 1 сәуір күні Алматы қаласында Fight Night Global 86 турнирінде ресейлік Расул Мирзаевқа қарсы өтетін кездесуге қалай дайындалып жатқанын айтты, - деп хабарлайды 

"Дайындықты Алматыда өткізудемін. Ақырындап бабыма келіп жатырмын. Жарақат немесе жаттығу барысында ешқандай қиындық жоқ. Наурыз айының ортасында жаттығуды аяқтап, жекпе-жекке жүз пайыз дайын боламын. Өткен кездесулерде менің басты қателігім - физикалық тұрғыдан дайын болмауым болды. Мен әр раундтан кейін қатта шаршап қалып жаттым. Бірақ енді мен өзімді жақсы қырымнан көрсетуге дайынмын", - дейді Естанов.

Қазақстандық спортшы Расул Мирзаевпен осымен үшінші рет өткізгелі отырған жекпе-жекті ұйымдастырудағы шаралар жайында айтты. 

"Шынымды айтсам, мен онымен міндетті түрде кездесу керекпін деген мақсат қойған жоқпын. Fight Night басшылары бізді үшінші рет кездестіруді жөн көрді. Мен де, Мирзаев та бірден келістік. Үшінші рет Қазақстанда кездесетінімізге қуаныштымын", - дейді ол. 

Осыған дейін Мирзаев Қазақстанға келмеймін деп айтқан еді. Отандық файтер қарсыласының екі жүзді екенін айтады. 

"Бұл жігіт екіжүзді. Бірінші кездесуден кейін Қазақстанның халқын қонақжай деп еді. Кейін Ресейге барып, Қазақстанды жамандай бастады. Бірақ мен оны Қазақстанда бауырындай күтіп алғанын көрдім. Тіпті ол кезде маған оншалықты көңіл бөлінбеді. Ол кезде маған психологиялық тұрғыдан қиын болды. Өйткені, маған қазақстандық жанкүйерлердің ресейлік спортшыға неге соншалықты көп назар аударғаны түсініксіз болды. Дегенмен де мұндай әңгімелер ер жігітке тән дүние емес. Екі жүзді адам болмау керек", - дейді қазақстандық файтер. 

Сонымен қатар Естанов алдағцы мақсаттарымен бөлісті: "Мен Fight Nights промоушенімен толық келісімшарт жасаған жоқпын. Егер алдағы кездесуде жеңіске жетсем, бұл промоушенмен ары қарай да жұмыс істей беремін. Жеңіс маған даңғыл жол ашайын деп тұр. Өйткені, чемпиондық белбеулерге таласуға мүмкіндік береді". 

Сондай-ақ, спортшы өзін сынға алатындарға жауап берді.

"Мені спортты түсінетін адамдар қолдайды. Дегенмен мені Мирзаевтан қорқады деп ойлайтындар да бар. Егер мен одан қорқатын болса, үшінші кездесуге келісім берер ме едім? Менің ерік-жігерім бар. Бірақ финкциянальды дайындығымен аз-маз қиындықтар болады. Бұған дейінгі кездесулерде мен қорыққанымнан емес, шаршап қалғанымнан жеңілдім. Қолдау білдіріп жатқан жанкүйерлерге рақмет айтқым келеді. Барлық жанкүйерлерді бұл жекпе-жекте күтемін. Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар көп болады. Барлығына да қолдау керек. Жекпе-жек барлығын көрсетеді.

Еске салайық, Расул Мирзаев пен Ержан Естанов 1 сәуір күні Алматы қаласында жекпе-жек өткізеді. Бұл кештің басты айқасынла отандасымыз Жалғас Жұмағұлов (10-3) пен америкалық Тайсон Нэм (16-8-1) арасындағы жекпе-жек болмақ.

Естанов пен Мирзаев бұған дейін екі рет кездескен болатын. 2013 жылдың наурыз айында олар Алматыда "Ұлы соғыс" турнирінде кездесіп, төрешілердің шешімі бойынша ресейлік спортшы жеңіске жеткен. Сосын 2014 жылдың қараша айында "Дала батырлары" турнирінде кездесіп, бұл жолы да Мирзаевтың мерейі үстем болған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети