28 мамыр 2018 08:21

ММА файтері қарсыласының берілуі үшін ерекше әдіс қолданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Bellator © Bellator

Жеңіліп көрмеген ұлыбританиялық ММА файтері Майкл Пэйдж октагонда өткен кезекті жекпе-жегінде қарсыласын берілуге көндірді, - деп хабарлайды Metro.


Жеңіліп көрмеген ұлыбританиялық ММА файтері Майкл Пэйдж октагонда өткен кезекті жекпе-жегінде қарсыласын берілуге көндірді, - деп хабарлайды Metro.

Лондонда өткен Bellator 200 турнирінде Пэйдж америкалық Дэвид Рикелске қарсы жекпе-жек өткізді. Кездесу барысында ол америкалықты әбден мазақтап, намысына тиетін сөздер айтып, бейәдеп қылық көрсеткен. Бірінші раундта ұлыбританиялық спортшы қарсыласына айтарлықтай зақым келтірген, ал екінші раундтың басында ол америкалықтың көзінен ұрған. 

Осыдан кейін Пэйдж қарсыласына көзінен жарақат алғанын айтқан. Аз ғана үзілістен соң Рикелс төрешіге жақындап, жекпе-жекті жалғастырудан бас тартқан. Осылайша ұлыбританиялық файтер техникалық нокаутпен жеңген болып тіркелді. 


© Bellator

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети