09 наурыз 2016 20:40

ММА федерациясының президенті жұдырықтасқысы келмеген қазақ спортшылары жайлы пікірін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

ММА федерациясының президенті Анатолий Ким Қытайдағы турнирдің финалында жұдырықтасқысы келмеген қазақ спортшылары жайлы пікірін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.


ММА федерациясының президенті Анатолий Ким Қытайдағы турнирдің финалында жұдырықтасқысы келмеген қазақ спортшылары жайлы пікірін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Меніңше, мұнда таңғалатын ештеңе болған жоқ, себебі бұл кәсіби жекпе-жектер, онда спортшылар ақша үшін қатысады, - деді Анатолий Ким. - Олар финалға шыққаннан кейін жұдырықтасуы керек еді, келісім берді ғой. Ал егер жұдырықтасқысы келмесе, мұны ерте шешіп алу керек еді. Олар кездесетінін түсінді ғой, бұған дайын болуы керек еді ғой. Ал көрермен жағымсыз қабылдайтын жағдай жасау көрерменге деген әділетсіздік. Ал егер біз көрерменнің алдында шыншыл болмасақ, құрметті сұрап алудың қажеті не? Ереже бар, оны ұстану керек".

Бірақ ол осыған ұқсас жағдайдың Ресейде де болғанын айтты, ол кезде екі дос финалға шығып, ұлттық құрамаға ену үшін таласу керек болған. "Оларға ескерту жасалды, сосын ғана олар бар күштерін салып, төбелесті. Мұндай жағдай бізде де болды, біз де жазаладық. Бізде де финалға достар шығады, бірақ бір-бірімен шын мәнінде шайқасады. Спортшылар рингке сол үшін шығады ғой. Мұнда достығыңның да, ұлтыңның да қатысы жоқ. Спорттың аты спорт, көрерменді алдай алмайсың, ол көріп тұр бәрін. Сондықтан бәрі түсінікті, не төбелес, не рингке тіпті де шықпа", - деді Ким. 

Еске салайық, екі қазақ спортшысының төбелесе алмаған ММА кеші 6 наурызда өтті. Турнир финалында 70 келіге дейінгі категорияда қазақстандық Айбек Нұрсейіт пен қытайлық қазақ Ғабит Турханбек кездесті. 

Олар кездесу барысында бір-біріне соққы жасамай, күресіп қана жүрді. Нәтижесінде рефери спортшыларға қызыл қаған көрсетіп, жекпе-жекті тоқтатып тастады. Ал жекпе-жек болмағандардың санатына жатқызылды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети