22 шілде 2016 18:14

Міндетті түрде медаль аламыз - Алексей Ни

ПОДЕЛИТЬСЯ

Александр Ни. © Тұрар Қазанғапов Александр Ни. © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның ауыр атлетикадан бас жаттықтырушысы Александр Ни Vesti.kz сайтына берген сұхбатында Риода қателікке жол бермеу керектігін мәлімдеді. Оның ойынша, әлемге қазақстандық ауыратлеттердің шын мәнінде мықты екендігін дәлелдеу қажет. "Команданың потенциалы жоғары деңгейде. Біз енді Риода лайықты деңгейде өнер көрсету үшін қолдан келгенді және келмейтінді де жасайтын боламыз. Ең бастысы бізде мотивация бар", - деді Ни.


Қазақстанның ауыр атлетикадан бас жаттықтырушысы Александр Ни Vesti.kz сайтына берген сұхбатында Риода қателікке жол бермеу керектігін мәлімдеді. Оның ойынша, әлемге қазақстандық ауыратлеттердің шын мәнінде мықты екендігін дәлелдеу қажет. "Команданың потенциалы жоғары деңгейде. Біз енді Риода лайықты деңгейде өнер көрсету үшін қолдан келгенді және келмейтінді де жасайтын боламыз. Ең бастысы бізде мотивация бар", - деді Ни.

Спорттық сайтқа берген сұхбатында Ни Олимпиадалық ойындарға қатысуға спортшыларды шектеу мәселесі түсініксіз деді. "Барлық жазықсыз құрама зардап шегуде. Бұл әрекеттер мен шешімдер миға қонымсыз. Басты мақсаты - біздің команданы құрту және елдегі осы спорттың түріне сенімсіздікті тудыру", -  деді ол. Соған қарамастан, ол Олимпиадада медальдар алуға үмітті екенін де жасырмады.

"Ештемеге қарамастан біз берілмейміз. Қателікке бой алдыруға болмайды. Риода спортшылар өздері үшін  өнер көрсететін болады. Медальдар міндетті түрде болады. Тұғыр кімнің кім екендігін көрсетеді. Осыған дейін болғандарды ұмыту қажет. Алға жылжу керек", - деп толықтырды сұхбаттасушы. 

Команда қашаннан бастап Бразилияға барады деген сұраққа ол бірінші топ 1 тамызда аттанатын мәлімдеді. "Ол тізімге біздің жеңіл салмақта өнер көрсететін спортшыларымыз Маргарита Елисеева және Арли Чонтейлер барады. Екінші топ 4 тамызда барады. Бұлар Карина Горичева, Жәзира Жаппарқұл, Фархад Харки, Нижат Рахимов, ал ең соңғылары болып Денис Уланов және Александр Зайчиковтар 8 тамызда ұшады", - деді ауыр атлетикадан Қазақстанның бас бапкері. Сонымен қатар ол қосалқы зілтеміршілер ретінде Айдар Казов пен Сәуле Сәдуақасованың баратындығын айта кетті. 

Еске салайық, маусым айының басында шетелдік ақпарат құралдары қазақстандық ауыратлеттердің қанынан допинг табылғаны жөнінде хабарлаған болатын. Олардың мәліметінше, Илья Ильин мен Зүлфия Чиншанло алдағы Олимпиада ойындарына қатыса алмауы мүмкін. Кейін Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті қазақстандық спортшылардың "Б" допинг сынамаларының қосымша тексерілу процедурасын растап, бес зілтеміршінің қанынан табылған заттардың күмән туғызғанын хабарлады.

21 шілдеде Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) ресми сайтында Қазақстанның атынан Олимпиада 2016-да өнер көрсететін спортшылардың тізімі жариялаған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети