21 желтоқсан 2014 11:07

Мұхаммед Әли ауруханаға түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұхаммед Әли ©xsport.ua Мұхаммед Әли ©xsport.ua

Американың аңызға айналған боксшысы Мұхаммед Әли АҚШ-та аурухағана түсті, - деп хабарлайды Newsday. Ол ауруханаға 20 желтоқсанда жеткізілді.


Американың аңызға айналған боксшысы Мұхаммед Әли АҚШ-та аурухағана түсті, - деп хабарлайды Newsday. Ол ауруханаға 20 желтоқсанда жеткізілді.

Боксшының ресми өкілдерінің айтуынша, дәрігерлер оның өкпесі қабынғанын хабарлаған. Дәрігерлер аурудың бірінші сатында ем жасалғандықтан, оның алдын алуға болатынын айтты. Дәрігерлердің айтуынша, бокс жұлдызының өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. 72 жастағы Мұхаммед Әли ауруханадан таяу уақытта шығады.   

Еске сала кетейік, Әли 1984 жылдан бастап Паркинсон ауруына шалдықты. "Мен - Әлимін" (Я - Али) фильмінің қазан айында болған премьерасында оның ағасы чемпионның денсаулығы айтарлықтай нашарлағанын, сөйлей алмайтын жағдайға жеткенін мәлімдеген еді. Бірақ кейін ӘлиTwitter желісіндегі парақшасында "өзін керемет сезінетінін" және оның денсаулығы нашарлағаны туралы сөзге сенбеуді сұрады.

Жартылай ауыр салмақтағы 1960 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы, кәсіпқойлар арасындағы аса ауыр салмақтың үш дүркін чемпионы Мұхаммед Әлидің шын есімі Кассиус Марцеллус Клей. 1942 жылы 17 қаңтарда Луисвиллде дүниеге келген. Өзінің алғашқы чемпиондық атағына Мұхаммед Әли 1964 жылдың 25 ақпанында Сонни Листонға қарсы жекпе-жекте қол жеткізген. Жалпы кәсіпқой бокста Мұхаммед Әли 61 рет шаршы алаңға шығып, 56 кездесуде басымдық танытқан, 5 кездесуінде жеңілген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети