Мұхаммед Әлидің өлімінің себебі аталды

05 Маусым 2016, 10:34
0
Мұхаммед Әлидің өлімінің себебі аталды - © REUTERS
© REUTERS

АҚШ-та 74 жасында қайтыс болған Мұхаммед Әлидің өлімінің себебі белгісіз себептермен болған септикалық шок. Бұл туралы марқұмның отбасының өкілі мәлімдеді, - деп хабарлайды "Р-Спорт".

Бірнеше күн бұрын боксшының тыныс алуы қиындап, ауруханаға жеткізілген болатын. Сонымен қатар, дәрігерлер спортшының өлім аузында жатқанын хабарлап, кейін ол қайтыс болған еді. Боксшы 1980 жылдан бастап Паркинсон ауруымен ауырды. Спортшының қызының айтуынша, Мұхаммед Әлидің барлық органы істемей қалғаннан кейін жүрегі 30 минут бойы соғып тұрған. Хана Әли әлеуметтік желіде "мұндайды ешкім көрмеген" деп жазып, мұның рух пен жігердің нағыз дәлелі екенін айтты. 

Спортшының отбасының ресми өкілі аңызға айналған боксшымен қоштасу рәсімінің 10 маусымда Кентукки штатындағы Луисвилл қаласында өтетінін хабарлады. "Жерлеу рәсімі Луисвиллде жұма күні өтеді, келемін деушілерге есік ашық", - деп келтіреді ресми өкілдің сөзін Reuters агенттігі.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай