05 маусым 2014 17:44

"Намыс" қол добынан ел чемпионы атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: diapazon.kz Сурет: diapazon.kz

Қол добынан, яғни гандболдан Ақтөбелік "Намыс" командасы ел біріншілігінің чемпионы атанды. Финалдық кездесуде "Намыс" шымкенттік "Қазығұрт" командасынан басым түсті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Қол добынан, яғни гандболдан Ақтөбелік "Намыс" командасы ел біріншілігінің чемпионы атанды. Финалдық кездесуде "Намыс" шымкенттік "Қазығұрт" командасынан басым түсті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қол добынан ел біріншілігінде "Намыс" командасы 30 кездесу өткізіп, 1-де ғана кездесуде қарсыластарына есе жіберген. Негізі батысқазақстандық команда үшінші айналымның қорытындсы бойынша кестенің екінші сатысында орналасқан. Бірақ Шымкентте өткен төртінші айналымда қарсыластарының барлығын жеңіп, көшбасшылықты өз қолдарына алған. Ал Ақтөбедегі шешуге кезеңде "Намыс" бір кездесуде ғана жеңіліп, екінші рет қатарынан ел чемпионы деген атаққа қол жеткізді. 

Шешуші кездесуде ақтөбелік команда шымкеттік "Қазығұрт" командасын 29:26 есебімен жеңді. Өздерінің басты қарсыластарынан жеңілген шымкеттік команда екінші орынды алса, үшінші орынды тағы бір ақтөбелік ұжым - "Қазхром" алды. 

""Намыс" спорт клубы облысымызда 2011 жылы құрылып, қолдобынан ел біріншілігіне сол жылдан бастап қатысып келеді. Сол уақыттан бері біздің ұжым екі рет чемпиондық атаққа қол жеткізді. Бұл құрылғанына енді ғана төрт жыл болған команда үшін үлкен жетістік", - дейді команданың директоры Распай Молдағалиев.

Айта кетейік, биыл қол добынан ел біріншілігіне Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Шымкент, Астана және Қарағанды қалаларының "Намыс", "Қазхром", "Қазығұрт", "Астана", "ШВСМ", "Агромаш-Холдинг", "ОСДЮШОР" сынды жеті командалары қатысты. Олар бес турдан туратын біріншілікте алма-кезек жоғарыда көрсетілген қалаларда ойнады. 

Ел біріншілігі аяқталған соң "Намыс" гандболшылары өздеріне тиісті еңбек демалыстарына кетті. Бірақ ол демалыстары ұзаққа созылмайтын секілді. Өйткені маусым және шілде айында бұл команда ірі халықаралық жарыстарға қатысса, қараша айында Азия біріншілігінде бақ сынайды.

 

 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети