Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Назарбаев пен Винокуров елде велоспортты дамыту мәселелерін талқылады

27 Қаңтар 2015, 15:25
0
©akorda.kz
©akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Астана" велокомандасының бас менеджері Александр Винокуровпен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Кездесуде велокоманданың қазіргі маусымдағы міндеттері, елдегі велосипед спортының даму перспективалары туралы талқыланды. Мемлекет басшысы Қазақстанда велоспортты дамыту және кеңінен таныту үшін қажетті барлық жағдай жасалып жатқанын айтты. "Астанада мүмкіндіктері жағынан ең үздіктердің бірі саналатын "Сарыарқа" республикалық велотрегі салынды. Жоғары нәтижелер көрсетіп жүрген кәсіби велокоманда құрылды, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев өскелең ұрпақты велосипед спортына баулудың маңыздылығын да атап өтті. Винокуров команданың табыстары туралы, сонымен қатар Велосипедшілердің халықаралық одағының бастамасымен өтетін "Тур Алматы" жарысына деген қызығушылықтың өсіп келе жатқандығы туралы әңгімеледі. "Велокомандамыз биыл оныншы маусымын өткізеді. Біз өзіміз қатысып жүрген барлық жарыстарда жеңуге тырысамыз. Еуропада елеулі жарыстардың барлығында жеңіп, жақсы беделге ие болдық", – деді велокоманданың бас менеджері.

Кездесу барысында Александр Винокуров Мемлекет басшысына былтыр "Тур де Франс" көпкүндік велобәйгесінде жеңіске жеткен "Астана" велокомандасының майкасын тарту етті.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай