30 қаңтар 2017 12:54

Назарбаев Универсиаданың ашылу салтанатына кіммен келді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© wam.ae © wam.ae

28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының арнайы қонағы Біріккен Араб Әмірліктерінің вице-премьері, президент істері министрі Мансур ибн Зайд ан-Нахайян болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

© Владимир Дмитриев

Ашық дереккөздердің мәліметінше, Шейх Мансур 1970 жылдың 20 қарашасында дүниеге келген. Біріккен Араб Әмірліктерінің вице-премьері және президент істері министрі. Абу-Даби әмірлігінің басқарушы корольдік отбасының мүшесі. Дубай билеушісі шейх Мохаммед әл-Мактумның қызын алған. Сондай-ақ, оның Virgin Galactic және Sky News Arabia компанияларында үлесі бар әрі БАӘ Халықаралық мұнай инвестициялық компаниясын басқарады.

© The New York Times

© express.co.uk

Сондай-ақ, шейх Мансур City Football Group компаниясының басшысы, бұл компанияға "Манчестер Сити", "Мельбурн Сити" және "Нью-Йорк Сити" футбол клубтары кіреді. "Әл-Жазира" спорт қоғамын басқарады. Бұл қоғамда футбол, волейбол, гандбол және баскетбол клубтары бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети