30 маусым 2014 15:06

Нелли Ким KazSport телеарнасын құттықтауға келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нелли Ким. ©Vesti.kz Нелли Ким. ©Vesti.kz

Аты аңызға айналған гимнаст, Олимпиада ойындарының бес дүркін чемпионы Нелли Ким KazSport телеарнасын туған күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Аты аңызға айналған гимнаст, Олимпиада ойындарының бес дүркін чемпионы Нелли Ким KazSport телеарнасын туған күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еліміздегі тұңғыш спорт бағытына арналған KazSport арнасының бір жылдық мерей тойына байланысты Олимпиада ойындарының бес дүркін чемпионы Нелли Ким Қазақстанға келді. Ол өзінің тарихи отанына "Қазақстан" РТРК шақыруымен келген. Сапар барысында ол KazSport арнасын туған күнімен құттықтап, өзі спортта алғашқы табыстарға қол жеткізген Шымкент қаласында болып қайтты.

Айта кетейік, осыдан тура бір жыл бұрын, 2013 жылдың 1 шілдесінде "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясының негізінде елімізде тұңғыш рет тәулігіне 21 сағат хабар тарататын KazSport телеарнасы жұмыс істей бастады. Арнайы мамандандырылған телеарна Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырысы бойынша құрылған болатын.

12 ай ішінде бұл арна көрермендеріне спорттың көптеген түрлерінен 2000-ға жуық трансляцияны ұсынып, аты аңызға айналған спорт қаһармандары, спорт түрлері бойынша командалар жайында 36 деректі фильм түсірді. "Где вы, чемпионы?" циклы шеңберінде 87 бағдарлама түсіріліп, эфирге берілді. 

Осы телемаусымда телеарна ағылшын Премьер-лигасын, жазғы Азия ойындарын, жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарын, Алматыда өтетін ауыр атлетикадан әлем чемпионатын және тағы да басқа спорт шараларын көрсетуді жоспарлап отыр.

Бұл арнаның туған күніне орай бірнеше ірі жоба әзірленді. Соның бірі - Нелли Кимге арналған "Наша Киманелли" деректі фильмі. KazSport телеарнасы отандық теледидар тарихында алғаш болып атақты чемпион туралы өмірбаяндық фильм түсірді. Арнайы түсірілім тобы АҚШ-та, оның бірінші спорт мектебі сақталған Шымкентте және Алматы қаласында болып қайтты. Бас қаһарманның қатысуымен деректі фильмнің тұсаукесері 1 шілде күні сағат 19.00-де Kinopark 7IMAX 3D кинотеатрында ("Керуен" сауда орталығы) өтеді.

Отандық спорт телеарнасын туған күнімен грек-рим күресінің палуаны, қазақтан шыққан тұңғыш Кеңес Одағының спорт шебері, Әлем және Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, боксшы, екі дүркін әлем чемпионы, Олимпиада чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Серік Сәпиев, Олимпиада ойындарының екі дүркін және әлемнің үш дүркін чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Илья Ильин және тағы да басқа танымал спортшылар құттықтады.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети