05 желтоқсан 2018 14:04

Нурмагомедов, МакГрегор және Фергюсон? UFC-дегі қазақ жігітінің алдағы мүмкіндіктері

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дамир Ысмағұлов. Дамир Ысмағұлов.

UFC-дегі алғашқы жеңістен кейін ресейлік қазақ Дамир Ысмағұловтың алдынан үлкен мүмкіндіктер ашылды. Бастысы - ендігі амалдарға сауаттылықпен көшу. Бұл туралы Vesti.kz материалында айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


UFC-дегі алғашқы жеңістен кейін ресейлік қазақ Дамир Ысмағұловтың алдынан үлкен мүмкіндіктер ашылды. Бастысы - ендігі амалдарға сауаттылықпен көшу. Бұл туралы Vesti.kz материалында айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Спорт порталының мәліметінше, жалпы UFC-ге ілігу қиын. Бұл үшін барынша еңбектеніп, екінші деңгейлі промоушендерде үздік атану қажет. Чемпион болып, әлеуетің барын көрсете алу керек.

Бұл көпшілікке белгілі, ең сенімді жол. Дегенмен мықты файтер болмай-ақ та, UFC-ге апаратын соқпақтар бар.

Бұл промоушен тарихында медиалық тұрғыдан танымал файтерлердің UFC аясында жұдырықтасқанын көрсететін мысалдар жетерлік. Тіпті чемпиондық атаққа да таласқандар бар. Бұл үшін, әрине, тартымдылық, мықты трэшток керек, дегенмен, жұдырықтаса алу қабілеті үлкенірек мүмкіндіктерге жол ашады.

Ысмағұлов - октогондағы еңбегімен арқылы танылған файтер. Алғашқы жекпе-жектегі жеңіс ары қарайғы есіктерді ашып тұр. Енді ол октогон ішінде ғана емес, оның сыртында да имидж жасағаны жөн.

Алғашқы жекпе-жегін жеңіл салмақта өткізді. Алайда ол кейін жартылай жеңіл дивизионға өту туралы ойын айтты. Екі дивизионда да мықтылар жетіп артылады. Кімді алсаң да, жыртқыштай атылып тұр. Сондықтан мұнда топ-3 тізіміне жету үшін талай сынаққа шыдап беру қажет. Мәселен, Хабиб Нурмагомедов өз сәтін жылдар бойы күтті.

Ресейлік жеңіл салмақта ұйым чемпионы. Одан кейін Тони Фергюсон (АҚШ), Конор МакГрегор (Ирландия), Дастин Порье (АҚШ), Кевин Ли (АҚШ), Эдсон Барбоза (Бразилия), Нейт Диас (АҚШ), Джастин Гэтжи (АҚШ) және басқалары тұр. Мұндағы аталған үш файтер ТОП-15 P4P рейтингінде - Хабиб, Конор және Тони.

Жартылай жеңіл дивизионды гавайлық Макс Холлоуэй бастап тұр. Сондай-ақ, Брайан Ортега (АҚШ), Жозе Альдо (Бразилия), Фрэнки Эдгар (САҚШ), Ренато Мойкана (Бразилия), Чад Мендес (АҚШ) те мықтылар санатында. Жалпы екі дивизион да оңай емес.

Әлбетте бұл файтерлермен жекпе-жек өткізу әлі ерте. Ысмағұловқа оларды бірден бере қоймайды, оның үстіне Дамир әлі бейімделеді, оған қарсы лайықты қарсыластар қояды. Ысмағұловтың қазіргі келісімшарты үш-төрт жекпе-жекке есептелген. Міне, осы уақытта ол өзін танытып, келісімді ұзартуы қажет.

Дамир Ысмағұлов UFC-ге неге екі елдің туын ұстап шыққанын түсіндірді

Еске салайық, Аустралияның Аделаида қаласында өткен UFC Fight Night 142 турнирінде Ысмағұлов жергілікті файтер Алекса Горджес жеңген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети