25 желтоқсан 2018 11:48

Нурмагомедов пен Мейвезер жекпе-жегінің құны - миллиард доллар

ПОДЕЛИТЬСЯ

© MiddleEasy.com © MiddleEasy.com

Ресей бокс федерациясының бас хатшысы Умар Кремлев "Спорт-Экспресс" басылымына берген сұхбатында бокстан бес салмақ дәрежесінде әлем чемпионы болған Флойд Мейвезер мен жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов жекпе-жегінің сыйақысы қанша болуы мүмкін екенін бағамдап көрді. 

Кремлевтің ойынша, бұл шараның құны - миллиард доллар, алайда, бұл ресейлік және шетелдік демеушілерді тарту арқылы жинауға болатын сома.

"Хабиб Мейвезермен жұдырықтасатын болса, бұл әбден мүмкін. Жекпе-жектің жазда Мәскеуде, "Лужники" стадионында өтуі үшін бәрін жасаймыз. Бастысы демеушілер табу, біздің ғана компанияларды емес, еуропалық, америкалықтарды да тарту. Жекпе-жек өтсе, біз үшін ғана емес, бүкіл ел үшін жақсы. Шетелден қанша жанкүйер келетінін елестетесіз бе? Ал шетелдік инвестиция қанша болады? Хабиб пен Мейвезер жекпе-жегі барлығына қызықты. Өткізу құны жалпы миллиард доллар деген ойдамын. Бұл кіріс пен шығыс. Оның үстіне түсім боларына сенімдімін. Болған кезде көререміз. Мейвезер - МакГрегор жекпе-жегіне демеуші болғандар да қатысқысы келеді деп ойлаймын. Өйткені жекпе-жек бүкіл әлемге көрсетіледі", - дейді Кремлев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети