15 қараша 2018 12:28

Нурмагомедовтің келесі қарсыласы аталды

Хабиб Нурмагомедов және Джо Роган. © Jeff Bottari/Zuffa LLC/Zuffa LLC

UFC ұйымының бас комментаторы Джо Роган ресейлік Хабиб Нурмагомедовтің (27-0) келесі қарсыласы кім болу керек екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

UFC ұйымының бас комментаторы Джо Роган ресейлік Хабиб Нурмагомедовтің (27-0) келесі қарсыласы кім болу керек екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның айтуынша, ресейліктің келесі қарсыласы америкалық файтер Тони Фергюсон (24-3) болуы керек.

Реклама
Реклама

"Жо-жоқ, оны шетте қалдыра алмайды. UFC көзқарасы Тониге түзу. Дана Уайт Хабиб үшін келесі Фергюсон екенін айтқан. (...)  Оған мүмкіндік беретін уақыт келді. Фергюсон сұмдық жігіт. Тони 11 жекпе-жекте жеңілмей келеді. Ол Эдсон Барбозаны Д’Арсе әдісімен, Кевин Лиді үшбұрышқа алып тұншықтырды. Петтис, Ванната, Томсон, Дос Аньосты жықты. Бұл жігіт айуан ғой. Оған лайықты деңгейде назар аударып жатқан жоқ", - деп келтіреді Роганның сөзін BJ Penn.

Фергюсон мен Нурмагомедов үш рет жұдырықтаспай қалған болатын. 2015 жылы желтоқсанда файтерлер The Ultimate Fighter 22 финалында кездесу керек болған, алайда Хабиб жарақатына байланысты турнирді жалғастырмады. Ал 2016 жылдың сәуірінде Фергюсонның өкпесінде ақау болды, 2017 жылы дағыстандық салмақ қууға байланысты аурухаған түсіп қалған еді.

Хабиб Нурмагомедов келесі жекпе-жегі үшін 50 миллион доллар алуы мүмкін

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram