25 қаңтар 2017 22:15

Ольга Рыпакова 2008 жылғы Олимпиаданың күміс медалін алуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ольга Рыпакова. © ҚР ҰОК баспасөз қызметі Ольга Рыпакова. © ҚР ҰОК баспасөз қызметі

Ресейлік жеңілатлет Татьяна Лебедева 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасында қашықтыққа секіруден және үш аттап секіруден алған алтынынан айырылды, - деп хабарлайды Vesti.kz қазақ бөлімі Халықаралық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ол допингпен ұсталған.

Осылайша, Лебедеваның 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасында алған күміс медалі қазақстандық Ольга Рыпаковаға өтуі мүмкін. Ал бұған дейін Рыпакова үшінші орын алған қарсыласы грекиялық Хрисопия Деветцидің допингпен ұсталуына байланысты қола медальға ие болған еді. Сол Олимпиадада алтын медальді Камерун атлеті Франсуаза Мбанго Этон алған болатын.

Бейжіңдегі медаль - Рыпакованың мансабындағы үшінші Олимпиада медалі: 2012 жылы Лондонда ол чемпион атанса, 2016 жылы Риода өткен Олимпиадада қола медаль алған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети