12 тамыз 2016 12:53

Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин Универсиада алауын алып жүретін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дмитрий Баландин © REUTERS Дмитрий Баландин © REUTERS

Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин 2017 жылы Алматыда өтетін Универсиадада алауды алып жүретін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Универсиада дирекциясының мәліметінше, Баландин бұл орынға конкурстан тыс тағайындалып отыр.


Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин 2017 жылы Алматыда өтетін Универсиадада алауды алып жүретін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Универсиада дирекциясының мәліметінше, Баландин бұл орынға конкурстан тыс тағайындалып отыр.

"Дмитрий Баландин Универсиада алауын алып жүруге лайықты және барлық талапқа сәйкес келеді. Яғни, ол спортты насихаттайтын адам, спортшы, студент. Ең маңыздысы, ол алматылық және Алматыдағы жоғарғы оқу орындарының бірінде оқиды", - деп түсіндірді менеджер Кирилл Пяртель.

"Меніңше, ол бұл ұсыныстан бас тартпайды. Себебі, ол уақытта спортшыда басқа да жарыстар мен жиналыстар болмайды. Бір жағдайлары шығып қалмаса, ол қатысуы керек. Қазақстандағы 17 миллион адамның тек 1000-ы 2017 жылы өтетін Универсиада алауын алып жүре алады. Біздің ойымызша, мұндай мүмкіндік жиі беріле бермейді", - деді Универсиада дирекциясындағылар.

Айта кетейік, Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында 21 жастағы Дмитрий Баландин 200 метр қашықтықта жүзіп өтіп, алтын медальді иеленді. Осылайша Баландин Қазақстан тарихында тұңғыш рет жүзуден Олимпиада чемпионы атанды.

Сондай-ақ, алау алып жүргісі келетін азаматтарға республикалық байқаудың биыл 1 қыркүйекте басталғаны айтылады. Байқау еліміздің 16 облыс орталығында және Алматыда, Астанада өтеді. Жалпы есеппен алғанда алау ұстауға 1000-нан аса адам таңдалады екен.

"Байқаудағы ең басты талаптардың бірі - Универсиада алауын алып жүретін адам міндетті түрде студент болуы тиіс. Сондай-ақ, үміткер Универсиаданың қатысушылары сияқты 17-28 жас аралығында болуы керек", - деп түсіндірді Пяртель.

Айта кетейік, 27 рет өткізіліп отырған дүниежүзілік қысқы Универсиада Алматыда 2017 жылдың 29 қаңтарынан бастап 8 ақпанға дейін өтеді. Қысқы спорт түрлеріне арналған Универсиадаға 64 елден 2000 спортшы қатысады. Универсиада кезінде 3000 ерікті жұмыс істейді, олардың ішінде еліміздің басқа өңірлерінен келген еріктілер болады. Сондай-ақ, 30 мың шетелдік турист пен қонақ келеді деп күтіліп отыр. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети