13 шілде 2016 09:18

Олимпиада ойындарын алғаш рет гректер емес, түркілердің ата-бабалары өткізген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Хабар" телеарнасы © "Хабар" телеарнасы

Олимпиада ойындарын алғаш рет гректер емес, түркілердің ата-бабалары өткізген. Қазақстанның Еңбек сіңірген бапкері Өтепқали Құралов осылай дейді, - деп хабарлайды "Хабар" телеарнасы.


Олимпиада ойындарын алғаш рет гректер емес, түркілердің ата-бабалары өткізген. Қазақстанның Еңбек сіңірген бапкері Өтепқали Құралов осылай дейді, - деп хабарлайды "Хабар" телеарнасы.

Өз зерттеулерінің нәтижесінде тұтас кітап жазып шыққан автор тарихи дәйектерді де келтіреді. Прототүркілер және антикалық ойындардың өмірге келуі. 135 беттік кітап еуразиялық көшпелілердің тарихына арналған. Басылым авторы 150 жуық анықтаманы, сөздіктер мен мұрағат материалдарын зерттей келе, Олимпиадалық ойындардың бастамасы болған спорттық жарыстарды алғаш рет ежелгі тәңіршіл номадтар өткізуі мүмкін деген тоқтамға келген.

"Олимпиада ойындары алғаш рет біздің дәуірімізге дейінгі 776 жылы өтті. Ал тәңіршілдік ойындар мыңдаған жыл бұрын болған", - дейді Еңбек сіңірген бапкер, ҚР Құрметті спорт қайраткері Өтепқали Құралов.

Өтепқали Құраловтың пікірінше, прототүркілер жабайы атты үйреткен соң, спорттық жарыстар өткізе бастаған. Ежелгі көшпелілерде тек ат ойындарының 39 түрі болған. Бұған күрес, асық пен садақ атуды қосыңыз. Көне ойындардың кейбір түрлері қазіргі Олимпиада ойындарында да кездеседі. Спорт қайраткері Грекияға бұл дәстүр номадтармен бірге барды дейді.

Өтепқали Құралов олимпиада алауы енді Афиныда емес, Астана не Алматыда жағылатынына сеніңкіремейді. Дегенмен еңбегінің елеусіз қалмайтынына үмітті. "Олимпиада ойындарын түркі-гректік олимпиада ойындары деп атауға болады. Сонда құда да тыныш, құдағи да тыныш болады", - деді ол.

Ал тілшілердің пікірінше, Халықаралық Олимпиада комитетінің шенеуніктері қазақстандық автордың еңбегімен танысып, бастаманы қолдайды деу қиын. Құраловтың кітабының таралымы небары - 3 мың дана.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети