12 мамыр 2014 15:37

Олимпиаданы Лондонға ауыстыру мәселесі шілдеде шешіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

©http:rsport.ru ©http:rsport.ru

2016 жылғы жазғы Олимпиада ойындары Рио-де-Жанейродан ауысуы мүмкін. Халықаралық Олимпиада комитеті бұл сауалға қатысты нақты жауапты Бразилия жерінде өтетін футболдан әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін айтатын болады, деп хабарлайды "Р-Спорт" агенттігі ХОК-тағы дереккөздеріне сілтеме жасап. 

Бұған дейін "Evening Standart" басылымы Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) мүшелері жасырын түрде Лондон басшыларына қалада жазғы Олимпиада ойындарын екінші рет өткізуге байланысты хабарласқан. Бейресми ақпарат бойынша, ХОҚ мүшелері қала басшыларына екі жылдың ішінде 2012 жылдан қалған спорт ғимараттарын қайта қалыпқа келтіру туралы ұсыныс тастаған.

"Олимпиаданы Лондонға ауыстыруымыз мүмкін. Өйткені, Рио қаласының ұйымдастырушылары Олимпиада ойындарына тым нашар дайындалып жатыр. Дегенмен, ХОК мүшелері бұл сауалға байланысты нақты жауапты Бразилия жеріндегі футболдан әлем біріншілігі мәресіне жеткен соң беретін болады", - дейді агенттіктің дереккөзі. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети