13 наурыз 2014 15:39

"Ордабасы" бас бапкерсіз қалуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Виктор Пасулько. Сурет: vesti.kz Виктор Пасулько. Сурет: vesti.kz

Шымкеттік "Ордабасы" командасы футболдан Қазақстан біріншілігің басталуна санаулы ғана күндер қалғанда бас бапкерсіз қалуы мүмкін. Tengrinews.kz тілшісіне белгілі болғандай, команданың бас бапкері Виктор Пасулько бүгін орнынан кетуі мүмкін. Команда мен бапкер арасында шартнаманың не үшін бұзылғаны белгісіз болып тұр. Дәл осы мәселеге байланысты бүгін "Ордабасы" жетекшілері кезектен тыс жиын өткізеді. Ал, қазақстандық БАҚ өкілдерінің мәліметі бойынша, Виктор Васильевич кеше түнде Шымкенттен кетіп қалған екен. Естеріңізде болса, шымкенттік команданың қатарында былтыр осындай оқиға болған еді. Ол кезде де түсініксіз жәйттарға байланысты Виктор Пасулько орнынан кетіп, бірақ арада екі айдай өткен соң команданы қайта жаттықтырған еді. Негізі клуб жетекшілері мен маман арасындағы келісім шарт 2014 жылдың шілде айына дейін жасалған. Егер, Пасулько орнынан кететін болса, оның орнын павлодарлық "Ертіс" командасының бұрынғы бапкері Талғат Байсуфинов басады деген болжам бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети