Шымкенттік "Ордабасы" командасының футболшылары "Екібастұз" клубымен Қазақстан кубогының аясындағы іріктеу матчында жергілікті команданың спорттық киімдерімен ойнады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі
Шымкенттік "Ордабасы" командасының футболшылары "Екібастұз" клубымен Қазақстан кубогының аясындағы іріктеу матчында жергілікті команданың спорттық киімдерімен ойнады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі
"Ордабасы" футболшыларының спорттық киімдері Шымкенттен Екібастұзға барар жолда жоғалған. Сондықтан да кубоктық ойынға шымкенттік команданың аяқдопшылары алаң иелерінің қосалқы спорт киімдерімен шыққан.
Дегенмен, "Ордабасы" командасының бас хатшысы Іляс Жолдастың айтуынша, киімдер жолда жоғалмаған. Олар команданың автобусында қалып қойған екен. "Футболшылардың спорттық киімдері жолда жоғалған жоқ. Олар Екібастұзға дейін жеткізілген. Тек матч басталар алдында киімдер автобуста қалып қойып, барлығы оны жоғалдыға санаған. Ойынды дер кезінде бастау үшін "Екібастұз" командасының басшылары клубтың сырт алаңда ойнайтын киімдерін "Ордабасы" ойыншыларына берген", - дейді бас хатшы.
Айта кетейік, мұндай келеңсіз жағдайға қарамастан "Ордабасы" командасы Қазақстан кубогының іріктеу кезеңінен сүрінбей өтті. "Екібастұз" командасымен өткен ойында Ширмялистің шәкірттері 3-0 есебімен жеңіске жеткен. Шымкенттік команданың қатарындағы үш голды да Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншы Азат Нұрғалиев соққан.
Кубоктық турнирдің екінші айналымына шыққан "Ордабасы" ендігі қарсыластарын 14 мамыр күні тартылатын жеребеден кейін анықтайтын болады.
Еске салайық, бұл "Ордабасы" командасында болып отырған бірінші келеңсіз жағдай емес. Бұған дейін маусым басында клуб жетекшілері мен бапкер арасындағы келіспеушіліктен кейін Виктор Пасулько клубтан кеткен еді. Одан арада бірнеше уақыт өткен соң клубтың бұрынғы директоры Б.Байтубаевқа қаржылық аялақтық жасады деген айыппен қылмыстық іс қозғалған.