18+ Пауэрлифтер зілтемірді көтеру кезінде аяғын сындырып алды

21 Мамыр, 09:59
0

Ресейлік пауэрлифтер Ярослав Радашкевич Еуразия чемпионатында өнер көрсетіп жатқан кезде аяғын сындырып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқыс оқиғаның видеосы Амурскінің жаңалықтар қызметінің "ВКонтакте" парақшасында жарияланды.

Спортшыға 250 келі зілтемірмен отырып-тұру керек еді. Ол жаттығуды сәтті бастап, кейін снаряд астында қалды. Оның жіліншегі жарақаттанып, сонымен қатар жілінші сүйегінің жабық жарақатын алған.

Кейін Радашкевич жарақаты жайлы айтып берді. 20 жастағы спортшының сөзінше, ол сәтті өнер көрсететіне сенімді болған. Бірақ ауырсынуға мән бермеген.

"Сіңір байламдары ауырсынып тұр деп ойладым. Ауырсынуды басатын дәрі ішіп алып, жаттығуды жалғастырдым", - деді ол.

Спортшы алған жарақатынан кейін, жаттығуға қайтадан оралатынына сенімсіз. Оның айтуынша, сауығу үшін оған жарты жыл керек. Айта кетейік, ол Ұлттық ашық кубоктің пауэрлифтинг, сығымдап көтеру мен зілтемірді күшпен тарту түрлерінен жеңімпаз, сондай-ақ Азия ашық кубогінің жеңімпазы.

Получить короткую ссылку

Тегтер:

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай