20 ақпан 2014 12:22

Польшаға қарсы шығатын боксшылар анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әділбек Ниязымбетов WSB топтамасында алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Сурет: kfb.kz Әділбек Ниязымбетов WSB топтамасында алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Сурет: kfb.kz

WSB топтамасында өнер көрсететін елордалық "Astana Arlans" командасы мен польшалық "Poland Hussars" ұжымдары арасындағы матчқа қатысатын былғары қолғап шеберлерінің есімдері белгілі болды деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz спорт порталына сілтеме жасап. Бұл командалардың арасындағы матчта бірінші болып 52 келі салмақтағы Ілияс Сүлейменов пен Гжегорж Козловский шығады. 60 келі салмақта 2013 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Берік Абдрахманов Давид Павел Михелусқа қарсы жұдырықтасады. Ал, 69 келі салмақта бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Данияр Елеусінов бұл топтамада өзінің алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Даниярдың қарсыласы польшалық команданың армяндық легионері Жора Симонян болмақ. Төртінші жұпта, яғни 81 келі салмақта жанкүйерлер әлем біріншілігінің және Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов пен Казюж Грацьян Зыциньский жұдырықтасуын тамашаласа, 91 келіде "арлан" Армен Симонян мен Сергей Вервейко кездеседі. Айта кетейік, "Astana Arlans" пен "Poland Hussars" командасы арасындағы матч 1 наурыз күні Алматыда өтеді. Ал, оған дейін "арландар" 21 ақпан күні "Cuba Domadores" командасына қарсы шығады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети