19 ақпан 2014 18:25

Полторанин мен Чеботько Олимпиада ойындарының финалдық кезеңіне шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық шаңғышылар Алексей Полторанин мен Николай Чеботько қысқы Олимпиада ойындары барысында командалық спринт жарысының финалдық кезеңіне шықты деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл спортшылар 2х7,5 шақырымдық қашықтықты 23 минут 28,50 секундте өтіп, финалдық жолдамаға ие болды. Сондай-ақ, Қазақстан құрамасының спортшыларынан өзге Германия (23:36.23) мен Чехия (23:39.06) құрамалары бірінші мүмкіндіктен финалға өтті. Ал, екінші мүмкіндік барысында Финляндия (23:26.13) мен Ресей құрамаларының (23:26.91) бағы жанса, қосымша көрсеткіштер арқылы финалда Швеция, АҚШ және Франция құрамалар да жарыс жолына шығатын болды деп шешілді. Ал, 2х6 қашықтыққа эстафеталық әдіс бойынша жарысқан спортшы қыздарымыз Елена Коломина мен Анастасия Слонова өкінішке қарай финалдық кезеңге жолдама ала алмады. 17 минут 49,66 секунд көрсеткен біздің қыздар іріктеу кезеңін небәрі 9 орында аяқтады. Айта кетейік, ерлер арасындағы командалық спринттің финалы Астана уақытымен 18:15-ке жоспарланған. Бұл жарысты тікелей эфирде KazSport арнасы көрсетеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети