Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева америкалық Индиан Харборедегі турнирдің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасай отырып.
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева америкалық Индиан Харборедегі турнирдің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасай отырып.
Турнирдің ширек финалында Путинцева екі сетте португалиялық Мишель Ларшер де Бритуді жеңді. Путинцеваның қарсыласы болгариялық Дия Евтимова мен канадалық спортшы Хейди Эль Табахтың арасындағы кездесуден кейін анықталды.
Испанияның Мадридінде өтіп жатқан басқа турнирде Ярослава Шведова квалфикациялық ойындардың бірінші айналымынан өте алмады. Қазақстандық теннисті үш сетте Мариан Дуке-Мариноға жол берді.
Естеріңізге сала кетейік, Путинцева мен Шведова теннис бойынша Қазақстанның құрама командасының ойыншылары. WTA соңғы рейтингісі бойынша, Ярослава Шведова рейтингте он позиция жоғалтса, Путинцева 155 орыннан 151-ге көтерілген.