17 тамыз 2016 12:21

Рахимов әлем рекордын жеті келіге жаңартып тастады. Бұл күмәнді - мысырлық ауыратлет

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мысырлық ауыратлет Мохаммед Махмуд Ahram Online басылымына берген сұхбатында қазақстандық Нижат Рахимовқа қатысты күдігі бар екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Мысырлық ауыратлет Мохаммед Махмуд Ahram Online басылымына берген сұхбатында қазақстандық Нижат Рахимовқа қатысты күдігі бар екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Спортшылар Рио Олимпиадасында 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен еді. Қорытындысында Рахимов 379 келі (165+214) нәтижемен алтын медаль алса, Махмуд 361 келімен (165+196) қола медальді місе тұтты. 

"Рахимовтың істегені күмәнді. Ол бірінші көтерген салмағына 12 келіні қосып әлем рекордын 7 келіге жаңартып тастады. Меніңше, бұл мәселе таяу арада шешіледі", - деді Махмуд.

Мысырлық атлет Рахимовқа қатысты ойын осыған дейін де айтқан. Мохаммед Махмуд қазақстандық чемпион Нижат Рахимовтың қанында допинг бар деген тұспалын айтқан еді. "Допинг-бақылаудан өткеннен кейін кейбір жағдайлар өзгеруі мүмкін. Аз уақыттың ішінде ештеңе шешілмейді", - деген болатын ол. Неміс зілтеміршісі Асмир Велагич те Рахимовтың "таза" емес екенін мәлімдеген еді.

Ал қытайлық БАҚ-тар Рахимовтың алған алтынын Қытайға беру керек деп шулап жатыр. Айтуларынша, қазақстандық ауыратлет зілтемірді көтерген соң қозғалақтаған. Алайда күміс жүлде алған қытайлық спортшы Люй Сяоцзюнь "өзінің әділ жеңілгенін" мәлімдеп отыр екен.

Айта кетейік, Олимпиада қарсаңында қазақстандық зілтеміршілер Дрездендегі антидопинг зертханасында сынақтан сәтті өткен болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети