Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Рахимовпен бір салмақта өнер көрсеткен армян атлеті жантүршігерлік жарақат алды

11 Тамыз 2016, 14:30
0
© АҒР
© АҒР

Армения ауыратлеті 77 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Андраник Карапетян Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада-2016 ойындарында жантүршігерлік жарақат алды. Бұл туралы Vesti.kz Mirror басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Спортшы штанганы сәтсіз түсіріп, шынтақ сүйегін шығарып алған. 20 жастағы ауыратлет 195 келіні көтеріп, енді түсіріп жатқан уақытта көрермендер сынған дауысты естіген, ал спортшының көзінен жас шықты.

Бапкердің өзі осы оқиғадан шошып кетеді. Карапетян алаңнан дәрігердің көмегімен түсіп кетті.

Дәрігерлер әзірше оның жағдайы жақсы дегенмен, нақты қандай жарақат алғанын әлі айтқан жоқ. Армяндық жігіттің бұдан кейін өз спорттық жолын жалғастыру-жалғастырмауы белгісіз болып тұр.

Естеріңізде болса дәл осы салмақ дәрежесінде қазақстандық спортшы Нижат Рахимов Олимпиада чемпионы атанған болатын. Серпе көтеруден 214 келіні бағындырған отандасымыз рекордт жаңартты. Ол өз кезегінде жалпы есеп бойынша 379 келіні көтерді.

Ескерту. Психикасы нашар адамдарға көруге тыйым салынады!

Еске салайық, Рио Олимпиадасында осымен үшінші қайғылы оқиға тіркелген. Нидерланд велошабандозы Аннемик ван Влютен Рио Олимпиадасында жарыс кезінде тізгінді игере алмай, жол бойындағы бордюрге соғысты. Салдарынан спортшы қыздың омыртқасы үш жерден сынып кеткен және миы шайқалған. Франция спортшысы Самир Аит Саид Олимпиада ойындары-2016 кезінде қолды тіреп секіріп, аяғын сындырып алған.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай