06 ақпан 2019 15:29

Рамзан Кадыров Хабиб Нурмагомедовтің әкесіне Mercedes сыйлады

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

© фото instagram.com/khabib_nurmagomedov/ © фото instagram.com/khabib_nurmagomedov/

Ресейлік спортшы, жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің әкесіне Шешенстан президенті Рамзан Кадыров Mercedes көлігін сыйға тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Instagram-да спортшы Кадыровқа алғыс білдіріп, оны "бауырым" деп атады.


Ресейлік спортшы, жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің әкесіне Шешенстан президенті Рамзан Кадыров Mercedes көлігін сыйға тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Instagram-да спортшы Кадыровқа алғыс білдіріп, оны "бауырым" деп атады.

"Осындай сыйлық Шешенстаннан әкеме келді. Көп рақмет сыйлық үшін. Оған қоса менің әкеме, маған және Дағыстандағы басқа азаматтарға назар аударып жатқаныңызға алғыс білдіремін. Мен сіздің Дағыстан халқына жасаған қамқорлығыңызды көріп жүрмін", - деді Хабиб Нурмагомедов.

2018 жылы Кадыров бес жастағы балаға Mercedes көлігін сыйлаған. Ол кеудесін жерден төрт мың рет көтерген. Қаңтарда дағыстандық спортшы Қарағандыға келіп, "Таңшолпан" балалар үйіне барды. Хабиб өзін балалар үйіне шақырған Александр Корогодовтың анасымен дүкенде кездесті. Ол сатушыдан шоколад сатып алды.

"Хабиб өзіне назар аудартпау үшін, ешкімге хабар бермей келді", - деді Александр.

29 қаңтарда Неваданың Атлеттер комиссиясы Нурмагомедовке тоғыз айға жарыстарға шығуға тыйым салған еді. Оған қоса, спортшыға Конор МакГрегорға жеңгеннен кейін жаппай төбелесті ұйымдастырғаны үшін 500 мың доллар айыппұл салынды. Спортшының жарыстарға шықпау туралы шектеу шарасы 17 қазаннан басталады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети