Ресейлік бодибилдер туған күнінде қайтыс болды

23 Тамыз, 17:56
0
Ресейлік бодибилдер туған күнінде қайтыс болды -

Бодибилдингтен Подмосковья федерациясының вице-президенті 47 жастағы Дмитрий Жигулин Мәскеудің оңтүстік шығысындағы фитнес клубтарының бірінде өлі табылды, - деп хабарлайды "Московский комсомолец".

Ол 22 тамызда жүрек жеткіліксіздігі ауыр түрінен қайтыс болған. Ол күні Жигулин денсаулығына еш шағымданбаған. Ол жаттығуға жақсы көңіл күймен келген, өйткен сол күні оның туған күні болған. 

Соңғы рет ол 18:00-де байланысқа шыққан. Ол Instagram желісіндегі парақшасында өзін құттықтаған туыстары мен достарына алғыс білдірген. Сонда қызмет істейтін қыздардың бірі оны кабинетінен еденде жатқан жерінен көріп қалған. Жедел жәрдем дер кезінде жеткен, алайда оны құтқарып қала алмаған. 

Оның мұрын жолдары 14 жасында қисайып өсе бастаған. Сол үшін ол үнемі нафтизин қолданатын болған, ал бұл препарат қан тамырларына қауіпті. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай