04 ақпан 2019 09:53

Ресейлік және америкалық мәнерлеп сырғанаушылар Алматыдағы аренаның атауын өзгертуді қолдады

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© denisten_official/instagram © denisten_official/instagram

Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Евгения Медведева және америкалық мәнерлеп сырғанаушы, Төрт құрлық чемпионатының қола жүлдегері Джейсон Браун қайтыс болған Денис Теннің құрметіне Алматыдағы Halyk Arena кешеніне атып беру турады ұсынысты қолдады. Спортшылар видео түсіріп, оны Instagram әлеуметік желісіндегі denisten_official парақшасына жариялады. 


Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Евгения Медведева және америкалық мәнерлеп сырғанаушы, Төрт құрлық чемпионатының қола жүлдегері Джейсон Браун қайтыс болған Денис Теннің құрметіне Алматыдағы Halyk Arena кешеніне атып беру турады ұсынысты қолдады. Спортшылар видео түсіріп, оны Instagram әлеуметік желісіндегі denisten_official парақшасына жариялады. 

Медведева мен Браун жанкүйерлерден Арена атауын өзгерту туралы петицияға қолдау көрсетуді сұрады. "Біз Денис Тен туралы естелікті сақтауға көмектесуге шақырамыз. Ол мәнерлеп сырғанауға, әсіресе Қазақстанда үлкен үлес қосты. Ол біз үшін жақын адам және жақсы дос болған", - деді мәнерлеп сырғанаушылар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Американский фигурист,бронзовый призер ЧЧК,чемпион США,бронзовый олимпийский призер командных соревнований Джейсон Браун и российская фигуристка,серебряный призёр Олимпийских игр,двукратная чемпионка мира,двукратная чемпионка Европы Евгения Медведева поддержали идею переименования ледовой арены в честь Дениса Тен ⠀ Всем миром! ⠀ ССЫЛКА НА ПЕТИЦИЮ В ОПИСАНИИ ПРОФИЛЯ | ИНСТРУКЦИЯ ПОДПИСАНИЯ ПЕТИЦИИ В ПРЕДЫДУЩИХ ПУБЛИКАЦИЯХ или по хэштегу #инструкцияподписания ⠀ #ДенисТен #репост @jmedvedevaj @jasonbskates #ЕвгенияМедведева #ДжейсонБраун #DenisTenForever #Almaty #Kazakhstan #DenisTen #Казахстан #Алматы #almatyakimat #figureskating #фигурноекатание @akimat_almaty @denisten_official @legendary_d.ten @denistenfoundation @tenis_den

Публикация от Denis Ten OFFICIAL (@denisten_official)

Денис Теннің құрметіне Алматыдағы Halyk Arena кешенін қайта атау туралы петиция қаңтардың соңында желіде пайда болды. Оған қол қою үшін сілтеме арқылы өту керек. Мәтінде алдымен тілді таңдап, кейін оң жақ бағанадағы жолды толтырып, "Осы петицияға қол қою" батырмасын басу керек.

Алматыдағы Halyk Arena кешені. © yvision.kz

"Денис қазақстандық мәнерлеп сырғанаудың бастауы, еліміздегі осы спорт түрінің негізін қалаушы, ол Қазақстанның халықаралық спортта беделін нығайтуға елеулі үлес қосты. Ол өмірін елінің дамуына арнаған, шығармашыл жастарды, жас спортшыларды және отандастарын шабыттандырып келді және шабыттандыра береді. Біз, Қазақстан азаматтары, қайтыс болуы елімізді ғана емес, бүкіл әлемді күйзелткен көрнекті мәнерлеп сырғанаушының есімін мәңгі қалдырып, кешеннің атын өзгертуді дұрыс шешім деп санаймыз", - делінген құжатта.


© denisten_official/instagram

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети