03 тамыз 2016 09:51

Рио-де-Жанейродағы шығанақ Олимпиада қарсаңында БАҚ-тарды шошытты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© AP © AP

Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарына екі күн қалды, ал Бразилия бірқатар уәдесін орындамады. Триатлоннан, желкен спортынан және видсерфингтен жарыс өтетін Гуанабара шығанағы бұған дайын емес. Өткен аптада қайтыс болған біреудің қолы да табылыпты. Батыс БАҚ-тары Риодағы шығанақтың лас суының суреттерін жариялап жатыр. 

Жергілікті тұрғын Луис Гольдфельд USA Today басылымына шығанаққа апта сайын тонналап қоқыс төгілетінін айтып берді. Қаланың орталық бөлігінен келетін үлкен құбырдан күн сайын жуынды-шайындылар төгіледі екен. Бразилиялық дәрігерлер спортшыларға жарыс кезінде көз бен ауызды жауып жүруге кеңес беріп отыр.  

Желкен спортынан жарыстарға арналған жағалау дауылдан кейін қирап қалған.

© AP/Reuters/AAPIMAGE/G1/nytimes.com/Getty Images

Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты 5 тамызда аңызға айналған "Мараканада" өтеді. Айта кетейік, ашылу салтанатының шығыны шамамен 20 миллион доллар. Мәселен, Лондонда өткен Олимпиада ойындарының шығынымен салыстыратын болсақ, онда шығын 42 миллион долларды құраған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети