Рио Олимпиадасындағы жеңіс бізді ұлы ел етеді - министр

16 Ақпан 2015, 11:05
0
Рио Олимпиадасындағы жеңіс бізді ұлы ел етеді - министр - ©Novostimira.net
©Novostimira.net

Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадада үшінші орынды иеленсе, Қазақстан ұлы елге айналады, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы осылай деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Спорт саласында біздің бірінші мақсатымыз - 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына жіті дайындалу. Бірақ бірінші лицензиямыздың бар екенін мақтанышпен айта аламын және ары қарай дамуға үлкен стратегияны жоспарлап отырмыз. Кеше ғана Қазақстанның дүниежүзілік Универсиадада үшінші орын алғаны қуантады. Мұндай жетістік болған емес, осы қадаммен алға баса берсек, ойлап көріңіздер, Рио-де-Жайнерода үшінші орынды алсақ, Қазақстанның ұлы ел екенін мақтанышпен айта алатын боламыз", - деді министр ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Айта кетейік, жазғы Олимпиада ойындары 2016 жылы 5-21 тамыз аралығында Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтеді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай