19 тамыз 2016 | 16:50

Риода қола жүлдегер атанған молдовалық спортшы допинг үшін медалінен айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© sputinik.kg © sputinik.kg

Риодағы Олимпиада ойындарында қола медальді иеленген молдовалық спортшы Сергей Тарновский Олимпиада ойындарынан уақытша шеттетілді, - деп хабарлайды Sputnik Молдова басылымы Халықаралық каноэ және байдаркада есу федерациясына (ICF) сілтеме жасап.


Риодағы Олимпиада ойындарында қола медальді иеленген молдовалық спортшы Сергей Тарновский Олимпиада ойындарынан уақытша шеттетілді, - деп хабарлайды Sputnik Молдова басылымы Халықаралық каноэ және байдаркада есу федерациясына (ICF) сілтеме жасап.

"1000 метр қашықтықта каноэда жалғыз өнер көрсетіп, қола медальді жеңген Сергей Тарновский алдын ала допинг тексерісіндегі сынамаларында тыйым салынған заттардың табылуына байланысты уақытша Олимпиада ойындарынан шеттетілді. 19 жастағы спортшы өзінің ағасы Олегпен бірге 1000 метр қашықтықта екі адамдық каноэда өнер көрсету керек болатын. Бірақ ол енді допингке қарсы ережеге сәйкес, жарыстардан уақытша шеттетілді", - делінген хабарламада.

"Жоқ, біз бұл туралы ештеңе естіген жоқпыз. Бұл іспен айналысамыз...", - деп мәлімдеді Молдова Ұлттық олимпиада комитетінің президенті, каноэде ескек есу спорт түрінен екі дүркін Олимпиада чемпионы Николай Журавский.

Айта кетейік, 19 жастағы Сергей Тарновскийге қатысты қандай шаралардың қолданылатыны әзірше белгісіз. 

Осыған дейін қырғызстандық ауыратлеттің допинг қолданғаны үшін қола медалінен айырылғаны туралы айтылған болатын. Спортшы 10 тамызда 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен еді. Сол уақытта Артықов 339 ұпаймен (жұлқа көтеру - 151 келі, серпе көтеру - 188 келі) қола медальді жеңіп алған. Алайда спортшының ағзасында "стрихнин"деп аталатын тыйым салынған зат табылып отыр", - делінген CAS хабарламасында.

Читайте также
Join Telegram
Алматыда жер сілкінді

Валюта бағамы

 492.2   529.13   5.02 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети